Байланыс шеберханасы: жоқтан бар жасап

Жаңалықтар
26.06.2018, 12:11
Оқуға 3 мин
Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік шеберханасында жұмыс таңертеңгілік инструктаждан кейін қызу басталып кетеді. Бір шеті Анакөл мен Тартоғай, екінші шеті Жосалы-Түркістан станциялары арасындағы барлық байланыс құрылғыларын жөндеу осы жерде жүргізіледі.   Жөндеуге жіберілетін байланыс құрылғыларының бірі телімдерден әкелінсе, енді бірі дистанцияның қоймасынан алынып, шеберлердің қолына тапсырылады да жарамсызының орнына іске жарайтыны салынып,  құрылғыны жұмыс жасайтын дәрежеге келтіреді. Себебі, ескінің орнына жаңасын ауыстыра салатындай мүмкіндік болмағандықтан, іске жарамдыны ұқсату қағидасы бұл шеберханада алғашқы орынға қойылған екен.    Шеберхананың аға электромеханигі Жасұлан Ерназаров шеберхана тынысы жайлы айта келіп 5 ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет ұсынды. Жөндеу шеберханасындағы жұмыс ауқымы контактілі және контактісіз құрылғыларды жөндейтін цех болып негізгі екі топқа жұмылдырылғанмен,  мұнда АЖТ цехы, метрология, электрожетек, электромотор, жүргізушілер тобы, дәнекерлеушілер, токарлар тобы және де Понаб-КТСМ тобы болып жұмыс жасайтын шеберлер жинақтала келіп, негізгі алты өндірістік жұмыс тобына біріктіріліп, әр топ өз жұмыс орындарына іріктеліп, жұмыстарын атқарады екен. Өндірістік шеберхананың жарық та кең негізгі жөндеу залында кілең электромеханиктер байланыс құрылғыларын техталапқа сай жұмыс жасайтын жағдайға келтіреді.  Жөндеуші шеберлердің бірі ДСШ-13А құрылғыларын тексеруден өткізуде болса, екіншісі ТШ-65 құрылғысын кезекті сынға әзірліктен өткізеді, енді бірі құрылғыларды дәнекерлеу жұмысын жасаса, келесі бірі ТШ-65-тің тетіктерін бекітіп, қысқасы, әр шебер өзінің күнделікті жұмысын тынымсыз атқаруда.  Аға электромеханиктің мәліметіне көз салсақ, шеберхана шеберлері бес ай ішінде 30 дана жетекті жұмысқа әзірлесе, мамыр айында 6 дана жетекті жөндеуден өткізіпті. Осы аралықта 3219 дана байланыс құрылғысы шеберлер қолынан өтсе, мамырда 558 данасы жөндеу көрген. Және де электромотордың мамыр айында 14 данасына күтім жасалып, бес айда 66 данасы шеберлердің қолынан өткен. Құрылғылар ретімен жөндеуден өткен соң дайын өнімдер бөлмесіне жөнелтіліп, ол жерден қажетті телімдерге жіберіледі екен. Әрине құрылғылар жөндеуден өткеннен кейін арнайы тексеруден өткізіліп, қайта бақылаудан өткізіліп барып іске жарамдылығы анықталады . – Дистанцияның Екпінді-Шиелі телімінде прожекторлы бағдаршамның 8 данасы линзалық бағдаршамға алмастырылады деп жоспарлануда. Ал Анакөл мен Қызылорда станциялары арасында КПТШ құрылғылары Блок-ТМ құрылғысымен жаңаланып, алдағы күндерді осы жұмыстар Қызылорда-Шиелі телімінде де жалғастырылады деп күтілуде, – дейді аға электромеханик.   Шеберхана жөндеушілері дистанция телімдерінен өткізілетін жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға ақаулы құрылғыларды жөндеу арқылы үлес қосуда. Мұның өзі мұнда жұмыс жасайтын әрбір шебердің қолынан шыққан құрылғының аса бағалы екенін білдірсе керек. Жалпы, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға бағытталған әрбір құрылғы маңызды саналады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды