Тәжірибеден теорияға
Астанадағы Көлік және коммуникация колледжі студенттерінің кітапханасы тағы бір тағылымды туындымен толықты. Білім шаңырағында ардагер-теміржолшы, Астана станциясы тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәшүр Жабағиннің тарихи-методикалық кітабының таныстырылымы өтті.
Мәшүр Шәкірұлының «Путь к вершине профессии от «практики к теории» деп аталатын еңбегі болашақ теміржолшыларға методикалық оқу құралы десек болғандай. Ішкі мазмұнын, аты айқындап тұрғандай, кітаптың авторы автобиографиясын мамандығымен шебер ұштастырып, оқулық есебінде жазып шыққан. Буыны қатпаған балалық шағынан еңбекке ерте араласып, дала сабағынан тәлім алған ол 14 жасында Целиноград қаласындағы темір жол техникумына оқуға түседі. Теориялық білімнен гөрі, күнделікті іс-тәжірибеге көбірек көңіл бөліп, еңбек жолындағы өрлеуін 1966 жылы Ерейментау станциясының кезекшісі болып бастап, 2010 жылы «Жолаушы тасымалы лизингтік вагон компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі қызметімен аяқтаған. Бар мағыналы ғұмырын осы салаға арнаған ақсақал бүгінде Астана станциясының тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқаруда.
– Әрине, бұл кітабым – отыра қалып бір күнде жаза салған еріккеннің ермегі емес. Бозбалалық кезеңнен қазіргі шашты ақ қырау шалған қарттық шағыма дейінгі еңбек жолымда жүріп өткен тәжірибемді көкейіме түйіп, ойыма саралап, сүзгіден өткізе келе, өз тарапымнан маман ретінде берген бағам. Мен шойын жолды жата-жастана құшақтап өстім. Олар менің ажырамас бөлшегім, бір бүтінге айналдық, – деген Мәшүр ағамыз кітаптың тұсаукесер рәсіміне шашбауын көтеріп келгендерге алғысын білдірді.
Қонақтар қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылым жөніндегі кадрлар менеджері Светлана Сайлаубаева, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадрлар департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Сәрсекеевтер, замандастары мен колледж ұстаздары пікір білдірді.
Кітап алдымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ сайтында электрондық нұсқамен жарық көріп, кейін санаулы данамен басылып шыққан.
Кітап темір жол саласындағы жас мамандарға ғана емес, аталмыш саланың тыныс-тіршілігін танып білем деуші оқырман қауымға да арналған.
Ардақ ЗҰЛҚАЖАПҚЫЗЫ
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды