Таза қала – таза вокзал

Жаңалықтар
27.06.2018, 15:51
Оқуға 2 мин
Қаланың  бас қақпасы саналатын Қызылорда вокзалында теміржолшы жастар «Таза қала – таза вокзал» атты экологиялық сенбілік акциясын өткізді. Мақсат – Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қаланың сәулетіне көркі сай болуы, маңайдың экологиялық, санитарлық талаптарға сәйкес абаттануына үлес қосу. Күн сайын түрлі бағытта мыңдаған жолаушылардың бірі сапарға шығып, бірі сапардан оралып жататын бекетте теміржолшы жастардан құрылған белсенді топ қолдарына күрек, тырма, сыпырғы, қоқыс салатын қапшық сияқты құралдар ұстап сенбілікке шығып, екі сағат ішінде вокзал маңын талап деңгейінде толықтай тазартып шықты. Қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлестерін қосуға шақырған жастарды игі іске үндеген «Жас Отан» жастар қанатының бұл бастамасы көпшілікке үлгі болды.   – Біз таза қаланы қолдаймыз. Біз әрқайсымыз өз бойымызға туған үйімізге, қаламызға деген қамқорлықты сіңіріп, тәрбиелеуіміз қажет. Өз елін сүйетін әрбір адам оның игілігі үшін жұмыс жасап, әркім өз қаласын, жұмыс орнын, көшесін және үйін  ретке келтіріп отыруды азаматтық парызым деп түсіну тиіс, – дейді «Теміржол» филиалы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Сәбит Әбдіреев. Сенбілік барысында түрлі сауықтыру шараларын жүргізген жастар екі вокзал арасындағы, перронның ашық алаңқайында флешмоб жасап, түрлі символикалық бейнені бейнелеп тазалық шарасының көркін аша түсті. Және де вокзал маңының, жұмыс орнының, қала көшелерінің, өз қаламыздың абаттанып гүлдене түсуі үшін баршаны үлес қосуға шақырып, үндеу жариялады.

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды