Капитал нарығына қадам

Жаңалықтар
05.07.2018, 10:11
Астанада бірінші рет Astana Finance Days халықаралық қаржы конференциясы өтіп, соның шеңберінде өткен «Қазақстанның инвестициялық кейсіне инвесторлар тарту: жекешелендіру және тағы басқа мәселелер» тақырыбында өткен панельдік сессияға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев қатысты. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалған Тимоти Беннет бұған дейін дериватит нарығы мен бағалы қағаздар нарығының лицензияланған операторы болып табылатын Жаңазеландия биржа қоры (NZX) басқармасының төрағасы болып қызмет еткен. Ол NZX-ны  ұйымдастырушылық және нормативтік өзгерістер кезінде, сауда және клирингтік биржа жүйелерін алмастыру және жаңғырта отырып, сондай-ақ, 23 биржалық инвестициялық қорларды Жаңазеландия биржа қорының Басқарушы қоры арқылы іске қосқан тәжірибелі маман ретінде шақырылып, АХҚО басқармасына төраға ретінде тағайындалыпты. Тимоти Беннет мырза өз сөзінде биржаның болашағы туралы ой бөлісе отырып, АХҚА шеңберінде Қазақстанның капитал нарығын дамытуға қатысу мүмкіндігін алғанына қуанышты екенін жеткізді. «Ішкі және халықаралық инвесторлар сенімін қалыптастыру үшін біз AIX-ті халықаралық стандарттар бойынша дамытып, реттейтін боламыз» деді ол. Пікірсайысқа қатысушылар іске қосылып, ағылшындық басқару құқығымен жұмыс істейтін Астана халықаралық қаржы орталығының болашағына үлкен сенім артатындарын жеткізе отырып, бұл орталық инвесторларды шоғырландыратын үлкен алаң боларына сенім білдірді. Шетелдік инвесторлар үшін бұл орталық не береді дейтін болсақ, АХҚО ТМД кеңістігінде жоқ, капиталдарды қорғауға ерекше жағдай тудырмақ. Ал Астанада өтіп жатқан  Astana Finance Days инвесторлар үшін АХҚО-ның артықшылықтарымен жақын танысып, қазақстандық қандай да бір жобаға инвестиция салуға шешім қабылдау мүмкіндігін беретін алаң болып отыр.  Ал АХҚО-ның қазақстандық бизнес үшін маңызы қандай дейтін болсақ, орталық шетелдік инвестицияларға басымдық бергенімен, мұнда қазақстандық кәсіпкерлер де оның резиденттері бола алады. Яғни, оларға шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу мүмкіндігі тумақ, сондай-ақ, биржа мәселесіне қатысты дау-дамайды озық әлемдік стандарттарға сүйене отырып шешетін болады. Пікірсайыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев Астана халықаралық қаржы орталығына қатысты өз ойын білдірді: «Мен сияқты дәстүрлі және консерваторлық салада, яғни теміржол саласында жұмыс істейтін  қызметкерге Астана халықаралық қаржы орталығында, осындай жаңа іскерлік ортаның адамдары ортасынан пікірсайысқа қатысып, ой бөлісу – үлкен бақыт. Мен бүгінгі кездесу капитал нарығындағы Қазақстанның қадамын табысты етеді деп сенемін. Бізде екі биржа қоры бар. Бұл Қазақстанда бизнесін жүргізіп жатқан іскер адамдар үшін, брокерлер үшін ыңғайсыздау болса керек. Әрине, әдемі жолдар, әдемі ғимараттар салуға болады, бірақ, осы ғимаратта қаржы орталығында жұмыс істейтін қаржы саласы мамандары «Кім біздің тұтынушылар, клиенттеріміз кім, оларға мұндай жаңа әлемде, тек бір ғана елде емес, әлем бойынша экономика қайта құрылымдап жатқанда қазіргі уақыт талабына сай қандай және қалай қызмет көрсету керек екенін ұғулары керек. Ал жаңадан бой көтерген АХҚО үшін әлемде болып жатқан өзгерістер, ағымдық ахуалдар аса маңызды. Менің пайымымда, қазір әлемде жұмыс істеп жатқан бүгінгінің бизнесі, адамдары өте мобильді, олар капиталдандыру нарығымен немесе географиялық оқшаулаумен белгіленбеген,   олар үлкен корпорациялардан ғана емес, шағын стартаптардан пайда табуға әрекет етушілер қатарынан. Яғни, олар бизнесті тиімді басқару арқылы пайда табуға ұмтылады. Меніңше, бұл оларға үлкен тегеурін. Және бұл Астана қаржы орталығында жасалуда. Әрине, келешекте, біздің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының да бұл орталықпен қызметі тығыз байланыста болмақ. Осы ретте, біздің Астана халықаралық қаржы орталығы биржасында акцияларды көпшілікке тарату алғашқы қадамымыз болмақ. Қазір қазақстандық ұлттық компаниялар IPO-ға шығу үшін пул жасауда. Солардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да бар», – деді ол. Мақсат Қабашевтің айтуынша, қазір ҚТЖ-ның басқарушылық деңгейіне, құрылымдық бөлімшелеріне қайта құрылымдаулар жүргізіліп жатыр. «Біз Ұлттық компанияның негізгі қызметімен байланысты емес, яғни профильді емес активтерді жекешелендіруге өткізіп жатырмыз. Бұл процесс аяқталуға жақын.  Біздің үлкен мақсатымыз – Компанияны IPO-ға шығару. Бұл бүгінгі форумда қызу талқылануда. Ал ҚТЖ-ны ірі инфрақұрылымдық компания әрі ел экономикасында үлкен әлеуметтік маңызға ие компания ретінде алып қарайтын болсақ, онда бірқатар күрделі мәселелер бар, ол бірінші кезекте тарифке қатысты. Әсіресе, шыңына жеткен тасымал кезінде, көмір сияқты жүк түрлерін төмендетілген баға тарифімен тасымалдайміз, тіпті, кейде өзіндік бағасынан төмен тарифпен тасымалдауға мәжбүрміз. Ал бұл шын мәнінде бизнес тұрғысынан дұрыс емес. Біз бұл мәселені бүгін акционерімізге жолдадық, өйткені, ҚТЖ 100 млрд теңгеден астам ақшасын жоғалтуда осы төмен тарифтер кесірінен. Біз өзге бизнес түрінен жаңағы тарифі төмен тасымалды жабуға мәжбүрміз. Екінші мәселе, жолаушылар тасымалына қатысты. Ол инвесторларды қаншалықты тарта алады, бұл да үлкен сұрақ. Ал заңға сәйкес ұлттық компания өзінің 15 пайызын ғана ІРО-ға шығара алады. Біз әлеуетті инвесторлармен, инвестбанкілермен сөйлестік. Әрине, оларды 25 процент қызықтырып отыр. Меніңше, ІРО ол Компанияны биржаға шығаруға дайындау емес, ол Компания ішкі жағынан реформалау, яғни оны ашық, айқын ету. Яғни адамдарға Компанияға инвестиция салуда қолайлы жағдай жасау. Мысалы, дамыған елдердің өзін алып қарайтын болсақ, Францияда темір жолда реформалау он бес жыл жүргізілді. Сол себепті бізде де көп мәселе туындап отыр, біз онымен жұмыс жүргізудеміз. Жалпы біз, инвестицияны транзиттік тасымал әлеуетін арттыруға тартудамыз. Және бұл бағытта жұмысымыз жеміссіз емес» деп Компания жұмысына қатысты ой бөлісті ҚТЖ-ның қаржы жөніндегі басқарма төрағасының даму жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев. Сұлугүл БАКЕСОВА          
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл