Станция тарихындағы №1 зейнеткер
Әйтеке би станциясының тарихында алғашқы теміржолшы зейнет демалысына шықты. 15 жыл бұрын теміржол тартылып, жаңадан пайда болған станция теміржолшылары ең алғашқы зейнеткерлерін құрметті демалысқа үлкен салтанатпен шығарып салды.
Пайғамбар жасына толған Орынтай Жақсыбаев өткен күндерін сағынышпен еске алып, әріптестерімен қимай-қимай қоштасты. «Станция құрылып жатқан кезде осы өңірде теміржол деген түсінік болмады. Қалаға автокөлікпен қатынаймыз. Әйтеке би ауылының үстінен пойыз өтеді деген түсімізге де кірмепті. Ауыл арасында әңгіме тараған соң, сұрастырып жүріп, жаппай теміржолшы оқуын оқыдық. Өз басым Қостанайға барып оқыдым. Көпшілігі Ақтөбедегі жол-техникалық мектебіне барды, талай теміржолшы болып, оның ыстық-суығын бірдей көрдік, нанын жедік, рахмет бәріне», – дейді Әйтеке тарихындағы алғашқы зейнеткер.
Айтуынша, теміржол жұмысы жеңіл дегендер қателеседі. Күні-түні оңды-солды қатынаған пойыз. Олардың қозғалысы. Жол қауіпсіздігі. Жауапкершілік өте жоғары. Оның үстіне Әйтеке би ауылының климаты әркелкі. Жазда аптап ыстық. Қыста қақаған аяз. Түзде жүретін теміржолшылар үшін оңай емес.
«14 жыл еңбек етіппін. Станцияда пойыз құрастырушы да болдым, соңғы жылдары сигнал беруші болдым. Зейнет жасына келген соң, жастармен жағаласпай, демалысқа кетуді ұйғардым (күліп). Аз-маз демалған соң, жеке шаруамен айналысқым келеді», – дейді ресми түрде станцияның «№1 зейнеткері» деген атақ алып үлгерген Орынтай аға.
Орынтай Жақсыбаев 2004 жылы жаңа жолдың ашылу салтанатын көзімен көргенін мақтаныш етеді. Қыс, сары аяз, Астана мен Ақтөбеден басшылар келген, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жолдың ашылу рәсімін жасап, жез қоңырауды соққанын балаларына жиі әңгімелеп отырады екен.
Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды