Жолаушылар пойызы жаңа вагондармен толығады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалы алдағы айларда 50 жаңа жолаушылар вагонымен толығуы мүмкін. Бүгінде компания басшылығы Қытайда шығарылған ыңғайлы вагондар сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деседі.
Айта кетейік, көрші мемлекетте шығарылатын жолаушылар вагондарының алғашқы легі еліміздің жолдарында 12 жылдан бері қатынап келеді. Ыңғайлылығы жағынан жолаушылардың көңілінен шыққан вагондар осы жолы Шалқар – Бейнеу теміржол тармағы арқылы өтетін жолаушы тасымалының бағын ашпақ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының директоры Дархан Ұбайдуллаевтың есебінше, бүгінде филиалда 518 вагон бар: 14 СВ, 248 купе және 222 плацкарт вагондар.
Филиал басшысы жолаушылар соңғы жылдары интернет арқылы билет рәсімдеуге жаппай бет бұрып жатқанын, яғни бүгінде жолаушылар тасымалы саласында рәсімделетін билеттердің 73 пайызы интернеттің еншісінде екенін айтады. «Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Біздің мақсатымыз – жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау, артық шығынға ұрындырмау. Сұраныстарын қанағаттандыру десек, бүгінде бұл барлық жағынан мүмкін болып отыр. Бір ғана проблема кей аймақтарда вагондардың ескілігі болса, бұл мәселе де шешімін таппақ», – дейді.
Айта кетейік, бүгінде Ақтөбеден екі жолаушылар пойызы Алматыға қатынайды. Түстен кейін №23 пойыз жолға шығады, түн жарымында №33 пойыз құрамы қозғалады. Күндізгі пойызға жолаушылар легі көп те, түнгі пойызға халық саябырсиды екен. «Осы жағдайды зерделей келе, түнгі пойыздан вагондарды жолаушысы көп күндізгі пойызға тіркеп жатырмыз», – дейді Дархан Ұбайдуллаев.
Соның өзінде бүгінгі таңда жолаушылар легі артып, сәйкесінше, вагондар жетіспеушілігі сезілуде екен. Сол себепті, компанияның өзге аймақтағы филиалдарынан вагондар алдыртып жатқан да жайт бар көрінеді.
– Вагон паркінен мүлдем «сызып» тастайтын вагондар бар. Мәселен, Маңғыстау мен Астананың арасын жалғайтын пойыз вагондары жаңартылған. Ресейдің вагондары. Таза әрі кең. Ал, Маңғыстаудан Алматыға қатынайтын пойыз вагондары, керісінше, жөндеуге келмейді. Ескі. Алдағы айларда 50 жаңа вагон алуымыз керек. Оларды осы Маңғыстаудан Алматыға баратын маршрутқа, яғни Шалқар-Бейнеу тармағына жібереміз, – дейді филиал директоры.
Дархан Скендірұлының айтуынша, тағы бір жайт, Батыс аймағында рәсімделетін билеттер саны 4 пайызға артқан. Жыл басынан бері шамамен 1,5 млн жолаушы жол жүру құжатын рәсімдеген екен. Одан түскен кіріс 23 пайызға артқан. Бұл тек билет кассаларында сатылған билеттер бойынша. Ал, ғаламтордың көмегімен сатылған билеттердің есебін Астанадағы орталық кеңсе жүргізеді. «Ұшаққа мінгенде билетті қолға алып жүрудің қажеті жоқ қой, терминалға құжатпен жақындай бересіз. Осы күндері пойызға мінгенде де жолсерікте жолаушылардың тізімі болады. Тек құжатыңызды көрсетіп міне беруіңізге болады», – дейді филиал директоры.
Билет рәсімдеудегі тағы бір жаңалық – егер ойланып, билетті қайта өткізетін болсаңыз, ұсталатын комиссия мөлшері 4-5 есеге жоғарылады. Бұрын билет қайтарып бергшенде 200-250 теңге шамасында ұстап қалатын болса, бүгінде бұл сома 1 000 теңге шамасында.
– Мұны алаяқтықпен күрестің бір амалы дер едім. Өйткені, кейбір пысықтар пойыз орнынан қозғалар уақытта билетті кері тапсырып, бірақ қолындағы құжатымен діттеген жерге жетіп қалуға тырысады. Біз акт толтырып, мән-жайды анықтаймыз дегенше, жолаушы баратын станциясына жетіп алады. Мұндай жайттар өкінішке орай кездесіп тұрады. Сондықтан, сондай келеңсіздіктің жолын кесудің бір жолы осы, – дейді Дархан Ұбайдуллаев.
Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» мобильді қосымша әзірлеу жөнінде бастама көтерген. Демек, алдағы уақытта смартфонның көмегімен билет рәсімдей беруге болатын көрінеді.
Айта кетейік, бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалында 2247 жолсерік қызмет етеді, оның ішінде 1543 жолсерік, 63 пойыз басшысы және 237 кассир бар.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды