Жолдама да алды, жұмысқа да тұрды

Жаңалықтар
05.07.2018, 12:01
Оқуға 2 мин
Астананың 20 жылдығына орай Тараз темір жол колледжінің биылғы түлектеріне арналған салтанатты шарада жастарға тамаша тарту жасалды.    Білім ордасының директоры Нұржан Нұралиев Астананың 20 жылдығы ел көлемінде ауқымды аталып өтіп жатқанын алға тартып, биылғы түлектердің арасында үздік бітіргендер өз жетістіктерін елорда мерейтойына арнап отырғандығын жеткізді. Бұдан соң сөз алған Құрметті теміржолшы, ЖТ-Жамбыл бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов жыл сайын түлектерді құрметтеу салтанатында олардың болашақта кәсіби маман, білікті теміржолшы болатындарына сенім білдіретіндігін айта келе, 85 жылдық тарихы бар колледж түлектерінің арасында еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың есімдерін атап өтті. Олардың қатарында Қалтай Сембетовтің есімі ерекше аталды. Сондай-ақ Сағымбек Әділбекұлы түлектердің қатарында үздік бітірген бес студентке Құрметті теміржолшы,1958-1976 жылдар аралығында Жамбыл жол бөлімшесін басқарған, Жамбыл қаласының Құрметті азаматы атағын алғаш алған азаматтардың бірі –  Байзақ Пірманов атындағы стипендияны табыс етті. Жиын соңында колледж директоры колледжді үздік бітірген бес студентке 20 жылдығын тойлағалы отырған Астана қаласына барып қайту үшін бес жолдама берді. Ал түлектердің диплом алу салтанатына арнайы келген Тараз локомотив жөндеу депосының өкілдері колледждің он түлегін жұмысқа шақырса, «АгроКалибрСервис» ЖШС өкілдері де он түлекті жұмысқа алатындарын мәлімдеді.   Ерман Әбдиев, Тараз Суретті түсірген автор
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды