Талғаттың арманы

Жаңалықтар
05.07.2018, 12:21
Оқуға 2 мин
Арман – адам баласының алдына таудай талап қойып, биіктерге жетелейтін тылсым күш. Оның тамыры қаншалықты терең болса, ойдағы мақсат-мұраттың орындалар күні де алыс болмас. Кім білсін, сол арман атты ақ құс шағын ғана Бопай станциясында тұратын теміржолшы жігіт Талғатты да айналып өтпес... Жігіттің арманы асқақ және ол елордамыз – Астанамен байланысты. Қылқаламды серік еткен теміржолшы жас туралы бұдан бұрын да жазған болатынбыз. Болашақта Астанада тұрсам, бас қалада сурет көрмесін өкізсем, өз көкжиегімді кеңейтіп, білгенімді сурет салуға ынталы жастармен бөлісіп, оқысам, үйренсем, атақты мэтрлардан дәріс алсам деп армандайтын Талғат Оразов – ШЧ-10 мекемесінде электромеханик. Теміржолға келгеніне 4 жылға жуықтаған. – Мендегі өнерге құштарлық қанда бар қасиет болса керек. Әкем Мұратбай Оразов кезінде сурет салып, домбыра, гитарада ойнаған. Ол да теміржолшы. Нағашыларымыз өлең шығару, ән айту, күй тарту дегенге жақсы. Нағашы атамыз Амангелді "Қазанғап" оркестрінің мүшесі, ағамыз Алтай көпке белгілі суретші болыпты. Мен де ес тани бастағалы қылқаламға бейімділікті байқадым. Ешкім технологиясын үйретпесе де бірте-бірте өзімді жетілдіре түстім. Суреттеріме адамдардың қызығушылығы маған шабыт бере түсті. Сатып алып, тапсырыс беретін болды. Көбінесе тапсырыспен салатындықтан қазір қолымда 3-4 картинадан басқасы қалмапты. Біршама жинақтасам, Астанаға апарып, көрме өткізу ойымда бар. Астана өнеріме кең мүмкіндік ашарына сенемін. Ол – болашақтың қаласы. Оған алғашқы сапарымның өзінде көзім жетті. Өзім сияқты келешек қамымен жүрген жастарды көп кездестіргем. Бойымда  бәсекелестік оянып, алдыма біраз мақсаттар қойып отырмын, – деп сырымен бөлісті суретші-теміржолшы жігіт.   Шахида Жұман, Маңғыстау  
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды