«Жас келсе – іске» деген

Жаңалықтар
10.07.2018, 13:20
Хромтау – Алтынсарин теміржол магистралінің бойындағы Дөң станциясы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіндегі шағын станциялардың бірі болғанмен маңызы айрықша. Биыл жыл басында бөлімше басшысы бірнеше жас маманды жұмысқа қабылдады. Солардың бірі 23 жастағы Гауһар Амантаева – бүгінде Дөң станциясында тауар кассирі.   Гауһар Амантаева Ақтөбедегі теміржол колледжінде білім алған, мамандығы – диспетчер. Еңбек жолын жаңа бастаса да теміржолшы кәсібі оған бөтен емес, тіпті етене таныс десе болғандай. – Өйткені, мен теміржолшылар әулетінен шыққанмын. Және оны мақтан тұтамын.  Әжем де, атам да осы болат жолда еңбек етіп зейнетке шыққан жандар.  Әкем де, анам да, бауырларым да түгел теміржолшылар. Алдыңғы арба қайда жүрсе, кейінгі арба сонда жүреді» демекші, солардың ізіне еріп мен де теміржолшы болатыныма ешкім шүбә келтірген емес, – дейді Дөң станциясының жас тауар кассирі.   Станцияға келіп-кетіп жатқан пойыздардың құжаттарына, вагондарға тиелетін жүкке жауапты тауар кассирінің жұмысын ә дегеннен дөңгелетіп әкеткен Гаухар жұмысқа араласқанына көп бола қоймаса да үлкен биіктерді бағындыруды армандайды. «Тауар кассирі болып бастап сатылай өссем, станция кезекшісі, сосын диспетчер, одан станция басшысы болсам деп армандаймын. Ол үшін қозғалыс саласына қатысты әрбір «нюансты» жақсы меңгеріп, кез келген жағдайға дайын болуың керек, сондықтан мен әлі тәжірибе жинау үстіндемін», – дейді ол. Әке-шешесі  Хромтау қаласында тұрады екен. Алайда, оқу бітіргесін  тұрмысқа да шығып үлгерген Гаухар – Қандыағаштың келіні. Дегенмен, үлкен кісілердің рұқсатымен жастар Дөң станциясына келіп қызметке орналасыпты. – Бүгінде теміржол жұмысының қыр-сырын біраз игердім. Рас, әлі де білмегеніміз білгенімізден көп, көп нәрсе үйренуіміз керек екені даусыз. Оның үстіне теміржол саласы үнемі технологиялық даму үстінде оқу керек, ізденіс керек екенін жақсы түсінемін, – деген жас маман  Дөң секілді негізінен жүк тиеумен айналысатын станцияда еңбек жолын батағанына риза екенін де жасырмайды, ұжымдағы әріптестерінен көп дүние үйренгенін айтады. Болашағын болат жолмен байланыстырған Гаухар бәрінен бұрын әулетінің атына кір келтірмей, нағыз теміржолшы болуды көздейді.   Асқар Ақтілеу, Ақтөбе      
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды