Асыра сілтеу болмасын

Жаңалықтар
10.07.2018, 13:22
Оқуға 2 мин
Қызмет бабын асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу, парақорлыққа тосқауыл қою теміржол саласы қызметкерлері үшін де өзекті болып отыр. Өйткені, аталмыш тарапта көлеңкелі көріністердің салада да ішінара орын алып жататыны жасырын емес. Бұл ретте қоғамдық қырағылықты күшейтіп, қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы зор. Осынау жайт Семей ЖТ бөлімшесіндегі антикоррупциялық кеңестің дөңгелек үстелінде кеңінен айтылды. Басқосуға негізінен желі бойындағы салалық мекемелер басшылары, қатардағы теміржолшылар, арнайы органдар өкілдері қатысты. Жиынды кеңес мүшесі Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов ашып, отырыстың өзектілігіне тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік мәселесі бойынша бөлімше көлеміндегі атқарылған шаралар ретін де сөз етті. Ал, келесі сөз кезегін алған аймақаралық антикоррупциялық басқарманың Семей өңірі бойынша жетекшісі Ғалымжан Қошқарбаев қазіргі таңдағы жемқорлық көріністерінің түрлеріне кеңінен тоқталды. Бұл қоғамдық дерт білім беру, денсаулық сақтау, т.б. салаларда жиі кездеседі екен. Қуантарлығы сол, теміржолшылар аталмыш фактілер бойынша қарқынды күрес жүргізу нәтижесінде болар, қара тізімде жоқ. Десек те, «бес саусақ бірдей емес» демекші, ұжымның жемісті де жетістікті істеріне нұқсан келтіріп, «бармақ басты, көз қыстылық» арқылы оңай табыс тапқысы келетіндер де кезігіп қалып жатады. Мұндай көріністер арасында әсіресе «сыйақы» алып, жұмысқа орналастырамын деген өтірік уәде беруші алаяқтар ісін ерекшелеп атауға болады. Жиын барысында жемқорлық кесірінен бостандығы шектелген жандардың өкініші мен аталмыш бағыттағы жүргізіліп жатқан қарқынды күрес жайын сөз ететін деректі бейнефильм көрсетілді. Айта кету керек, бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша коррупциялық нышаны бар әрекеттерге жол бермеу мақсатында арнайы сенім телефоны және «Semtemirzhol@mail.ru» электронды поштасы тұрақты түрде жұмыс істеуде.   Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды