Электронды кітапханалар мүмкіндігі шексіз
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда техникалық кітапханасында жаңалыққа жаны құмар теміржолшылар үшін жағымды жаңалық болып жатыр. Оған себеп – Қызылорда және Қазалы станцияларында орналасқан теміржолшылардың техникалық кітапханасы.
Аталған кітапханалардың жұмысын үйлестіруші «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-сараптама және анализ орталығы қызметкерлері ел теміржолшыларының білімі мен білігін арттыру, оларды соны жаңалықтармен құлағдар ету, ақпараттық хабарламалар алмасу, тәжірибе алмасу және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыруға қатысты жаңалықтарды бөлісу мақсатында ұйымдастырылған жүйені бөлімше қызметкерлері өз жұмыс орнында отырып-ақ қолдануларына мүмкіндік жасалған.
– Наурыз айының соңында қолға алынған бұл жоба қазіргі уақытта өз тиімділігін көрсетуде. Бөлімшедегі теміржолшылар ғаламтор желісі арқылы Мәскеудегі федералдық мемлекеттік қосымша кәсіби білім беру мекемесінің «Теміржол транспортында біліктілікті жетілдіру методикалық-оқыту орталығының» электронды кітапханасының базалық ақпараттарына тест режимінде қосылып, керекті ақпараттарын алуына мүмкіндік жасалды. Осы аралықта, мысалы, ғаламтор арқылы өз жұмыс орнында отырып-ақ ақпараттар алмасып үлгерген 23 теміржолшы аталған орталық қызметін пайдаланып, тиімділігін айтуда, – дейді кітапхана қызметкері Райхан Темірғазиева.
Бөлімше теміржолшыларының Қызылорда станциясындағы техникалық кітапханасында мұнан өзге де жұмыстар жоспарлы жүргізілуде екен. Мәселен, 19121 дана кітап қоры бар рухани қазына ошағына 5 ай ішінде 389 дана мерзімдік ақпарат көздерімен толықтырылып, сала қызметкерлерінің рухани кемелденуіне мүмкіндік жасалып отыр. Жыл басынан бергі мерзімде 412 оқырман тұрақты кітап алып, жаңалықпен сусындаса, 3167 адам кітапхана қызметін пайдаланып, жалпы есепте 5897 дана ақпар ұсынылған, 7 мәрте ақпарат күні ұйымдастырылған екен.
Сала еңбеккерлеріне арналып жұмыс жасайтын айналым поштасын пайдаланған 9 абонент үшін 47 папка, 161 материал әзірленген. Кітапханадағы тұрақты 5 кітап көрмесінен бөлек бес айда түрлі сала мамандарына арналып 116 материал ұсынылып, 8 кітап көрмесі ұйымдастырылған.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды