Цифрлық жүйеге көшірілді
Семей темір жолы бөлімшесі бойынша байланыс және белгі беру саласы жылдам қарқынмен дамып, тың жаңашылдықтармен толығып келе жатқан бірегей сала саналады. Жуырда Шығыстағы байланысшылар үшін ғасыр жаңалығы орын алды.
Жалпы ұзындығы 371,4 шақырымдық желі бойына қызмет көрсететін ШЧ-29 мекемесі байланыстың заманауи тәсілі – цифрлық жүйеге толық көшіріліп, озық технологиямен жабдықталды. Әрине, бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыру семейлік теміржолшылар үшін оңайға түспеген. Ол үшін алдымен бәзбір жол айрықтарындағы байланыс құрылғыларын жаңарту қажеттілігі туындапты. Атап айтсақ, ескірген НР релесі заманауи НМШ релелік жабдығына ауыстырып, релелік шкафтар орнатылған. Бір бұл емес, бағдаршам бастиектері жаңартылып, жаңадан линзалы прожекторлық светофорлар орнатылды. Мұнымен қатар, прожекторлық бағдаршамдарды заманауи Н1 және Ч2 нормалы линзалық белгі беру құрылғыларына алмастыру, Шар және Суықбұлақ станциялары бойынша КПТШ-715 құрылғысын ТМ17-RWD блогына ауыстыру және бірқатар жол айрықтарындағы пульт-таблоларды жаңарту да керек болды. Ал ол үшін инженерлік-техникалық іс-шаралар жүргізуге қажетті арнайы кесте әзірленген-ді. Сондай-ақ, тірек бағаналармен тартылған кабельдер, антенналар да толығымен ауыстырылған. Бұл ретте негізгі салмақ радистерге түсіпті. Десек те, аталмыш шаралар межелі мерзім ішінде толық тәмамдалған. Осылайша, бірінші кезекте цифрлық жүйеге көшудің алғышарты жасалыныпты.
– Теміржол саласын цифрландыру – ерте ме, кеш пе бәрібір орын алатын шара. Уақыттың өзі осыған әкеліп отыр. Ал, біз ресейлік әріптестермен тиімді келісім жүргізу, өзара әрекеттестік арқылы аталмыш жаңашылдыққа қол жеткіздік.
Мәскеулік «Информтехника» компаниясы сәуір айының соңын ала жұмысын бастап, тек жуырда ғана жаңа цифрлық жүйе өзегі DX-500 құрылғысын толығымен монтаждап, орнатып берді. Жұмыс барысы үш айға созылды. Әйтсе де, бұл жаңашылдықтың орын алуына біздің қызметкерлердің де үлесі мол, – дейді Семей белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Бейбіт Түменғали.
Міне, осылайша Локоть-Семей, Семей-Шар, Дегелең-Семей телімдері толығымен жаңашыл технологияның игілігін көруде. Яғни, теміржолдағы байланыс саласы толық модернизациядан өтіп, жаңа дәуірге аяқ басты деген сөз.
Дистанция басшыларының айтуынша, мұндай жаңашыл шараның берері көп. Мәселен, пойыз диспетчері мен жол диспетчерін жол өткелдерімен байланысқа қосу, қумажол байланысын жақсарту, бір сөзбен айтқанда, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жаңа мүмкіндіктерге тыңнан жол ашылды деген сөз.
Бір бұл емес, бүгінде желі бойындағы жұмыс сапасын арттыру үшін КТСМ-2 құрылғысының бірліктері қолданылуда. Бұл жабдықтау мен автоматикаландыру бойынша қабылданған ауқымды жоспар аясында іске асып отыр. Аталмыш бағыттағы іс әлі де жалғаса бермек. Оған мекеменің материалдық-базалық құрылымы толық мүмкіндік беруде. Қазіргі күні ШЧ-29 бойынша 18 техникалық бірлік бар. Мамандар да жеткілікті. Бұл – жаз мезгілінде дәл осылай қауырт жұмыс жүргізуге мейлінше қолайлы жағдай тудырып отыр екен.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды