Көпшілікпен тіл табыса білу де өнер
Үміт Дәуленованың Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде кадр қызметіне кіріскеніне бірнеше жыл. Теміржолшылар жұмысы оған етене таныс. Доссор станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген ол осы жұмысқа келгелі көпшілікпен тіл табыса білу де өнер екенін түсінгенін айтады.
Өйткені, кадр қызметі – бүкіл жүйенің жүрегі, қан-тамыры сынды. Теміржолшылар, олардың жұмысы, денсаулығы, отбасы, әлеуметтік жағдайы, барлығы осы кадр қызметімен байланысты болғандықтан, Үміттің бөлмесі таңертеңнен кешке дейін араның ұясындай гуілдеп жатады. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан теміржолшылардың бірі демалысқа шығуға арыз жазса, бірі шипажайға жолдама сұрайды. Енді бірі жәрдемақыға құжат жинап жүрсе, екіншісі жұмысқа арыз жазып, үшіншісі зейнеткерлікке шығып жатады... «Қысқасы, осы уақыт ішінде осы аймақтағы теміржолшыны түгел танып қана қоймай, олардың әрқайсысының отбасын, канша бала-шағасы бар, жағдайын жатқа білетін болдым», – дейді Үміт әзіл-шыны аралас.
Одан бөлек, өмір болған соң әртүрлі жағдай болады, теміржолшылардың басына түскен түрлі ауыртпалықты да қызмет барысында көріп, заңға сәйкес материалдық көмектен бөлек, қолдан келгенше моральдық демеу жасауға да тура келеді.
Бөлімшедегі кадрлар бөлімінің қызметкерлерін негізінен қыз-келіншектер құрайды. Мұнда да солай. Ол бір жағынана дұрыс та секілді деп санайды кейіпкеріміз. Себебі, оның ойынша, әйел адамдар болған соң жүректері жұмсақ, жандары нәзік келеді де, түрлі жағдаймен кадр қызметіне жүгінген жандардың жағдайын әйел ретінде түсініп, талап-тілегін орындап, қуантқысы келіп тұрады. «Себебі олардың көбісі бізге түсінікті, отбасы, әлеуметтік жағдайын шешуге келеді ғой» дейді.
Сонымен бірге, кадр қызметінің қыз-келіншектері үшін білімдерін жетілдіру маңызды деп санайды Үміт. Барлық нормативтік актілерді түсіндіруге қатысты салалық басылымдар бар, әдебиет те аз емес. Арасында білім жетілдіру курстарына да кезек-кезек барып тұрады.
«Кадр қызметі біреулер ойлағандай тіпті де оңай емес. Заң күнде өзгереді. Күнделікті құжат, бұйрық, ол аз болса, өзгерістер мен толықтырулар бар. Соңғы жылдары халықаралық стандарттар енгізіле бастады. Одан бөлек жаңашылдықтар қаншама. Биыл жүк тасымалы бөлімшесі қызметкерлеріне жалақы 10 пайызға өсті. Ұжымдық шартқа сәйкес жеңілдіктер мен тиісті материалдық көмектердің сақталуын қадағалап отыру керек, қысқасы, жұмыс шаш-етектен», – дейді Үміт Дәуленова.
Өзінің де отбасы, ошақ қасы бар келіншек үйде бала-шағасының жайын жасап, отағасының қас-қабағына қарайтын әйел екенін естен бір сәт те шығармайды. Екі күн демалыста үй тірлігін жасап, дәмді тамақтар пісіріп, балаларының керек-жарағын түгендеп, тыным таппайды. Биыл қызы мектеп бітіріпті. Тұңғыштарының үлкен өмір жолына жасаған әр қадамын отағасы екеуі үлкен толқыныспен қарсы алғандарын айтып күледі. «Өйтпегенде ше, баланың болашағы, мамандық таңдауы – әрбір ата-ана үшін үлкен жауапкершілк», – дейді ол. .
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Суретте Үміт Дәуленова
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды