Байланыс жүйесінің мінсіз жұмысы
Шілденің ми қайнатар аптап ыстығы. Шымкент станциясының темір жолдарында трансформатор жәшігін тексеріп, бағдаршамдар жұмысын реттеп жүрген электромеханик +45 градус ыстықты елемейтін секілді.
Бұл – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының бағдаршамдар мен байланыс нүктелерінің мінсіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін электромеханик маманы Фахриддин Мәмбетов. Темір жол саласында 28 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келе жатқан ол дистанцияның оңтүстік алқымдағы бағдаршам мен релелерге жауапты СОБ электромеханигі.
Машинистер бағдаршамды алыстан анық көруі тиіс. Сол үшін электромеханиктер бағдаршамның бұлыңғыр емес, таза жанып тұрғанын 1 км қашықтықтан тексеріп көреді. Фахриддин Қаһарұлының айтуынша, өзі жұмыс істейтін телімде 43 бағдаршам бар. Былтыр станция жолдарындағы екеуі жаңа диодты түріне ауыстырылыпты. Қалғандары бұрынғы лампалы шамдар.
Әрине, жаңадан орнатылған диодты шамдардың жарық қуаты алыстан байқалады. Дегенмен, лампалы бағдаршамдар да жақсы көрінуі үшін кестеге сәйкес, бағдаршамдардың шаңын сүртіп, тазалап тұрады. Лампалы бағдаршамның көрінуі 400 метрден кем болмауы тиіс.
Шымкент станциясында Арыс – Шу, Шу – Арыс қозғалысының бағытын реттейтін 24, 68, 1416, 2022 нөмірлі 4 жиынтық екі айқаспалы және бір жиынтық тұйық бағыттама бұрма бар. Өте күрделі темір жол бөлігі саналатын, 4 жиынтықтан тұратын екі айқаспалы бұрма (двойной перекрестный стрелочный перевод) Қазақстан бойынша екі жерде ғана орналасқан, соның бірі осы Шымкент станциясында. Бұл бағыттағыш бұрманың ұзындығы 79 метрге жетеді.
Сегіз дана бұрма мен 1 дана тұйық қиылыспадан тұратын бұрманың төменгі төсемінде 400 дана ағаш білеу төселген. Сондықтан ондағы бұрманың жұмысы да кестеге сай атқарылуы тиіс. Автоматты түрде ашылып-жабылғанымен оған ток беретін жіңішке сымдардың жұмысын электромеханиктер реттеп отырады. «Мен қазір мына жолға арналған трансформатор жәшігін ашып, өзіңіз көріп тұрғандай сымдарын дұрыстап, ағашын ауыстырдым. Бұл жәшікке су тұрмақ, шаң кірмеу керек. Сол үшін арнайы герметикадан жасалған. Көктемде, күзде бір рет ашып тексеріп тұрамыз. Мына қызыл түс жолда жылжымалы құрам – пойыз, вагон, электровоздың тұрғанын көрсетеді. Ал ақ түс жанып тұрса, жолдың бос тұрғанын білдіреді», – деп тәптіштей түсіндірді байланыс жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған тәжірибелі электромеханик.
Жансая СЫДЫҚБАЙ
Суретті түсірген автор
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды