Үздік кабинет – қолайлы жұмыс орны

Жаңалықтар
25.07.2018, 16:55
Оқуға 2 мин
Жұмыс орнының қолайлы болмағы, қызмет барысын ұтымды ұйымдастыру – әрдайым еңбек өнімділігіне бастайтын шара. Бұл ретте мекемеде отыратын теміржолшылардың кабинеті барлық талапқа сай болуы қажет. Міне, осы орайда Семей ЖТ бөлімшесі басшылығы биыл тұңғыш рет «Үздік кабинет» байқауын өткізіп, бас ғимараттағы өз ісіне құнтты мамандарды марапаттады. Байқаудың басты мақсаты кабинеттердің жалпы жағдайын, санитарлық талап нормаларына сәйкестігін анықтау, декоративтік өсімдіктермен әсемделуін және эргономика ережелеріне лайықтылығын бағалау әрі осыған үндеу болатын. Ең бастысы, әрине, қызметкерлерге қолайлы жұмыс орны болмақ. Өндірістік-техникалық бөлім мен кадр бөлімі басшылығы, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінен құрылған арнайы комиссия үздік кабинет статусына лайық кабинеттерді анықтау үшін жан-жақты жұмыс жүргізді. Жұмыс орнын мәдени және санитарлық-эстетикалық келбетке лайықты ету үшін өткізілген байқауға әкімшілік ғимараттағы барлық кабинеттер толық қатысты. Сайыс мақсаты алдын ала жарияланып, хабарландыру ілінген болатын. Ал, уәделі мерзім соңында комиссия мүшелері барлық кабинеттерді аралап шығып, үздіктерін анықтады. Баға беру балмен белгіленді. Нәтижесінде қатысқан 28 кабинет ішінде байқаудың барлық талаптарына толықтай сай келген үш жұмыс орны жоғары бағаланды. Атап айтсақ, персоналмен жұмыс, есепшілер отыратын бухгалтерия және жетекші инженерлерге тиесілі логистика бөлімі кабинеттері ең жоғары балл алса, тағы 8 кабинет тәуір баға алса, өзгелері байқауға қатысуға дайын болмай шыққан. Үздік кабинеттер өзгелерге үлгі етіліп, сонымен қатар, ол кабинеттерде отыратын мамандарға өз қалаулары бойынша кеңселік бұйымдар берілді.   Қуаныш Қожаев, Семей     
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды