Қауіпсіздікке қызмет етеді

Жаңалықтар
25.07.2018, 17:28
Оқуға 3 мин
Бүгінде Шымкент вокзалының қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Вокзалға ағылып келіп-кетіп жатқан жолаушылардың қауіпсіздігі  қалай сақтандырылған? Бұл туралы бізге тексеруді ұйымдастыру бөлімінің  басшысы Қанатбек Рамашев айтып берді.   Шымкент вокзалының кіреберісінде өткен жылдың маусымында іске қосылған телевизиялық рентген құрылғысы, міне, бір жылдан асты жұмыс істеп тұр. Бұл аппараттың міндеті жолаушылардың қол жүктерін тексеру, тыйым салынған күдікті заттар табылған жағдайда акт толтырып, желілік полицияға тапсырады. – Биыл жыл басынан бері біздің инспекторлардың қатысуымен жолаушылар қол жүгінен тыйым салынған 5 зат анықталды. Ал Қызылордада 7 факті тіркелді,  оны айтып отырған себебім, ол да біздің филиалға қарайды. Бір азаматтың сөмкесінен пневматикалық пистолет табылды. Бұдан бөлек 3 кастет, 1 пышақты анықтадық. Бұл фактілердің бәріне акт толтырып, ЖІІБ қызметкерлеріне өткіздік, әрі қарай полицейлер өздері айналысады, – дейді Қанатбек Қарсыбайұлы. Оның айтуынша, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, 2015 жылы 3 сәуірде ҚР Үкіметінің адамдар көп шоғырланатын жерлерге, ғимараттарға тексеру аппараттарын қою туралы қаулысына байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен  «ӘТЖК» АҚ арасындағы келісімшартқа сай, Қазақстанның 16 қаласындағы теміржол вокзалдарына осындай телевизиялық аппарат құрылғылары орнатылған. Ең алдымен Алматы, Астана қалаларында ашылып, соңынан облыс орталықтарына қойылған. Бір ғана Шымкент  вокзалынан тәулігіне 13-14 мың адам өтеді екен. Бір ауысымда төрт инспектор жұмыс істейді. Бір аппараттың жанында тұрғанымен, төртеуінің міндеті төрт түрлі. Бірінші инспектор келген азаматтарды күтіп алып, заттар мен жүктерін, мәліметтерін тексеріп, шығарып салса, екінші инспектор жанында тұрған монитордан жолаушы багажында бөгде заттың бар-жоғын бақылап тұрады. Үшінші инспектордың міндеті екінші инспектормен тікелей байланысты. Егер күдікті жағдай анықталса, сөмкені тексерушіге (досмотр) алып барады. Төртінші инспектор аппараттан өтсе де күдікті белгі беріп тұрған жүктерді  арнайы детектор металлмен қосымша тексереді. Сондай-ақ, 4 инспектор 20 минут сайын өзара ауысып тұрады, себебі мониторға ұзақ қарап отыруға болмайды, денсаулыққа зиян. Инспекторлар бір тәулік жұмыс істеп, үш күн демалады. Қанатбек Қарсыбайұлының айтуынша, бүгінде телевизиялық аппарат мінсіз жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар арнайы  форма киеді. Мұнда сырттан келген кездейсоқ адамдар жұмысқа тұра алмайды. Барлығы да арнайы Халықаралық әуежай академиясы мен Президент күзеті қызметінің арнайы сертификатына ие болғандар. Тексеру-ұйымдастыру бөліміне халықпен жұмыс жасауда қиындық тудыратын жайттар жеткілікті екен. Себебі, вокзалдың әуежайдан айырмашылығы, мысалы, жолаушы ұшу алаңына бір өзі өтсе, вокзалда жолаушыны он адам шығарып салып, он шақты адам күтіп алып жатады. Ол аздай, жол-жөнекей түрлі станцияларға тоқтайды. Сондықтан, жолаушылардың перроннан кірген кезде де және қаладан кіретін жақтан да тексерілетін себебі осы. Шымкенттің миллион халқы бар мегаполис статусын алуына байланысты қазіргі вокзалдың жағдайы халық санына сәйкес келмейді. Әсіресе күз бен қыстың қарлы-жаңбырлы күндері вокзалға адамдар топырлап, қысылысып кетеді екен. Бұл өз кезегінде инспекторлардың да жұмысына кедергі келтіреді. Бөлім басшысының айтуынша, бүгінде вокзалды кеңейту жоспарлануда. Тіпті Бозарық пен Бадам станциясы жақтан жаңа вокзал салынады деген де әңгіме бар. Онда мегополистерге тән қос вокзал болмақ.  Бүгінгі Шымкент вокзалы тура қаланың ортасында орналасқандықтан қауіпсіз емес, адам қағу, мал басу оқиғалары болып жатады. Егер жаңа вокзал салынса, қаланың ішіне қалың нөпір мен жүктердің келуі азайып, қауіп тудырмайды деп санайды сала маманы. Бұл – енді болашақтың жобасы.   Жансая СЫДЫҚБАЙ Суретті түсірген автор  
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды