Әріптестері автокөлік сыйлады…
Адам баласының түрлі келеңсіз жағдайға тап болуы, әсіресе қауіпті аймақ саналатын теміржолда таңсық емес. Алайда олардың бірі өндірісте бақытсыз жағдайға тап болса, енді бірі жеке басының қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан ұшырайды.
Егер жұмысшы өндірістік жарақат алса, зардап шегушіге Ұлттық компания қолданыстағы заң шеңбері аясында барлық жағдай жасайды. Пойыз құрастырушы болып жұмыс жасап жүріп 2011 жылы жазатайым оқиғаға ұшырап, екі аяғынан айрылған Мұса Бегалиев – солардың бірі. Жуырда Ұлттық компания теміржолшылары атынан Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев Мұса Шәкиұлына «Лада-Гранта» автокөлігінің кілтін табыс етіп, алдағы күндерінің жақсы жаңалыққа толы болуына тілектестік білдірді.
– Теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдап, оларға көмек беру – Ұлттық компанияның бірден бір ұстанымы. Бүгін біздер соның бірінің куәгері болып көріп отырмыз. Мұса Бегалиевтің әлеуметтік жағдайына көмек теміржол басшылығы мен кәсіподағы және партия тарапынан да жасалып келеді. Бүгінгі игі іс ҚР Еңбек кодексінің талаптары мен «ҚТЖ» ҰК» компаниясының ұжымдық шартына сәйкес орындалып, кешегі әріптесімізге қолдан келгенше көмек қолын созып отырмыз, бұл – біздің парызымыз, – деді аймақ теміржолшылары атынан автокөлік кілтін табыстаған Аманкелді Арысбаев.
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Жұмағалиев Мұса Бегалиевтің барлық құжаттарын заң аясында реттестірсе, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауын қадағалап, қажет кезде кеңес пен көмек беріп, осындай ізгі іс-шараның ортасынан табылатын «Нұр-Отан» партиясының «Теміржол» филиалының өкілі Базара Танбаевалар кешегі әріптестерін қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Алты балалы Мұса Бегалиевтің басындағы қайғылы жағдай 2011 жылы орын алған, содан бері оған Ұлттық компания тарапынан ҚР Еңбек кодексінің талаптарына және «ҚТЖ» ҰК» компаниясының ұжымдық шартына сәйкес қажетті көмек беріліп келеді. Оның өзінің жеке арызына қатысты оған автокөлік берілуіне көмек бердік және осы автокөлігі үшін ай сайын 50 литр жанармай берілетін болады, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Исағалиұлы.
Отбасы, бала-шағасымен қызыл-жасыл безендірілген автокөлікке отырған Мұса Шәкиұлы әріптестеріне ризашылығын жасырмады.
– Менің басымдағы ауыр жағдайды бөліскен әріптестеріме алғысым шексіз. Теміржолшылар мені әрдайым қолдап келеді. Менің балам Қуаныштың Қызылорда станциясына жұмысқа орналасуына жағдай жасады, бүгін, міне, мені протез аяқпен жаяу жүрмесін деп көлік сыйлап отыр, барлық теміржолшыға амандық, денсаулық тілеймін, теміржолдың табысы ортаймасын, – деді ол.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген Өмірбай Түменбай
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды