Сауалнама нәтижесі нені көрсетті?
«ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік шаралар қатарын арттыра түспек. Бұл туралы Ақтөбеге іссапары барысында теміржолшылармен кездескен "Самұрық-Қазына" қоры жанынан құрылған Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының басқарушы директоры Сандуғаш Ескендірова хабарлады.
Оның айтуынша, ұлттық қорға қарасты компаниялардың барлығында жаңа жүйе бойынша жұмысшылардың ұсыныс-тілектері жинақталып, басшылық назарына жеткізіліп отырылады. "Біздің орталық қызметкерлері теміржолшылар арасында сауалнама жүргізді. Компания индексін анықтадық. Қай жерде қауіпті аумақ бар, соны іздедік. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың қабылдауында болып, кадрлық, әлеуметтік саясат бойынша сараптама қорытындысын ұсындық. Компанияға қарасты жүк тасымалы, жолаушылар тасымалы қызметтері, сервис, локомотив шаруашылықтары жұмысы бойынша мәліметтерді компания басшысының назарына жеткіздік. Кей қызметтерде арнайы киім керек, кейбірінде еңбек жағдайын жақсарту керек, т.т. Менің білуімше, компания басшысы жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар жоспарын әзірлетті. Тіпті, қомақты қаражат қарастырылып, нақты шаралар қолға алына бастады", – дейді Сандуғаш Ескендірова.
Орталықтың басқарушы директорының айтуынша, бүгінде тәуелсіз сарапшылардың қызметіне бірқатар теміржол құрылымдарының басшылары да жүгіне бастаған. Олармен арнайы кездесу өткен. Көбіне-көп басшылық тарапта өз қызметкерлерімен байланыс жетіспей жататын көрінеді. "Жұмысшыларға расымен коммуникация жетпейді екен. Олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асу үшін өңірлерге ұлттық компанияның экономистері мен қаржыгерлерден құралған мобильді топ барып, сөйлесіп, ұсыныс-телектерін тыңдаған. Бүгінде ұлттық компания басшылығы да мұндай ұсыныс-тілектерді аяқсыз қалдырмауға тырысуда. Айта кету керек, "Самұрық-Қазына" қорына қарасты өзге компанияларда мұндай тәжірибе бұрыннан бар. "ҚТЖ" компаниясында енді қолға алына бастаған бастама ең алдымен жұмысшылар игілігі үшін жасалады", – деген Сандуғаш Ескендірованың айтуынша, әлеуметке бетбұрыс оң нәтиже берген.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды