Отын шығыны кірісті еселеді

Жаңалықтар
31.07.2018, 11:02
Оқуға 2 мин
Семей бөлімшесі бойынша, әсіресе қозғалыс саласында оң өзгерістер орын алуда. Атап айтсақ, соңғы айларда пойыз тартымының артуы байқалады. Оған бірінші кезекте ықпал ететін жайт отын-энергетикалық қор екені белгілі. Аталмыш тарапта бөлімше бойынша жанармай қолданысына жүргізілген сараптама қорытындысына жүгінсек, біршама елеулі жаңалықтар бар екен. Баса тоқталатын жайт, соңғы 6 ай бойынша дизельдік шығынның нақты жоспарлы  нормасы 24,93 кг/10 мың т. шқ. брутто болса, іс жүзінде орындалуы 27,0 кг/10 мың т. шқ. бруттоны құраған. Бұл көрсеткіш қозғалыс шаруашылығы үшін қомақты қаржы саналатын 1 799,94 тонна жанармай артық жұмсалды деген сөз. Алайда, осынау мәселеге сараптама жүргізген өндірістік-техникалық бөлім мамандарының сөзіне сүйенсек, отын шығынының асып кетуі алаңдатарлықтай маңызды проблема емес. Себебі, осынау шығындардың нәтижесі көптеген жетістіктерге, кіріске бастап әкелген. Оның ең бастысы бруттодағы жүк айналымының 8,3%-ға өсуі болып отыр. Ал, соның арқасында бөлімше бойынша орындалған тонна километрлік жұмыс көлемі 107,15 пайызға ұлғайыпты. Десек те, өндіріс барысында үнем мәселесі ұдайы қатар жүреді. Яғни, басы артық, орынсыз шығынға жол жоқ деген сөз. Осы ретте ЖТ бөлімшесі бойынша пойыз тартымына дизель отынын нақты тұтынуды азайту бойынша бірқатар жоспарлы, ілкімді шаралар қабылданған-ды. Атап айтсақ, тепловоздарды пайдалану паркінің жүк түріндегі қозғалысын азайту, станциялардағы негізгі және айналым уақытын 2,1 пайызға төмендету сынды шаралар тиімділік әкелді. Сол себепті де жарты жыл ішіндегі жанармай үнемділігі бойынша 471,55 тоннаның, яғни, 80 млн-нан көп қаражаттың таза пайдасы орын алып отыр. Бөлімшедегі қозғалыс саласы бойынша мұндай оң сипаттағы мысалдарға көптеп тоқталуға болады. Мысалы, жүк айналымының артуына байланысты 1,2-ші класты тораптық станциялардағы маневрлік локомотивтер саны да артқан. Жалпы, отын-энергетикалық қор бойынша қол сұғу мәселесі де тіркелмеген. Тоқтала кетер болсақ, қауіпсіздік шаралары мақсатында барлық тепловоздар энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Локомотивтердегі энергодиспетчерлік тартымды анықтайтын АСУ ЭДТ құралдары да жанармай жұмсаудың есебіне қызметкерлердің рұқсатсыз кірісуіне жол бермейтін бірегей мүмкіндік саналады. Қазіргі таңда осынау көрсеткіштер бойынша бөлімшеде арнайы мамандар жұмыс жасап жатыр. Басты мақсат сол, пойыздар тартымына дизель отынын нақты тұтынуды азайту, үнемдеу арқылы шығынды азайта отырып жылдық қосымша кірісті еселеу негізгі меже ретінде алынды.   Қуаныш Қожаев, Семей      
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды