Парктің қозғалыс дирижері

Жаңалықтар
03.08.2018, 16:15
Оқуға 2 мин
Гүлмира Досмағанбетова – Шымкент станциясының парк кезекшісі. Шымкент станциясында жұп және тақ бағыттары бойынша екі жұмыс паркі бар. Парк кезекшілері Түлкібас пен Арыс жақтан келетін құрамдардың жай-күйін бақылап отырады.   Осы жұп паркінің кезекшілігін атқаратын Гүлмира Досмағанбетова – бүгінде өз саласының жілік майын шаққан кәнігі маман. 1992 жылдан бері парк кезекшісі болып жұмыс істейтін маманның 26 жыл еңбек өтілі бар. – Өздеріңіз білесіздер, теміржол – өте қауіпті сала. Апат болмас үшін аса сақтық пен қырағылық қажет. Станция кезекшісі бізге паркте тұрған вагондардың жылжып кетпеуі үшін қанша башмак қою керектігін айтады. Оны да қоюдың өзіндік тәртібі бар. Жүк вагондарының башмагы бөлек болады, ал жолаушылар пойызының екі жағына да тежегіш орнатамыз. Жол апаты туындамас үшін жол бойындағы барлық жағдайды станция кезекшісінен біліп отырамыз, теміржолда жөндеу жұмыстары жүргізілгенде машинистерге қай шақырымда қандай жылдамдықпен жүретінін алдын ала ескертіп, сақтандырамыз, қысқасы, қозғалыс саласына қатысты барлық қызмет бірге жұмыс істейміз,  – деп парк кезекшісінің міндетін тәптіштей түсіндірді Гүлмира Шәкірқызы.   Парк кезекшілері, сондай-ақ, апта сайын станцияның актив залында өтетін жиынға қатысып, алдағы жұмыс жоспарымен, болып жатқан жаңалықтармен танысады екен. Шымкент айналым локомотив депосынан тәулігіне қанша тепловоздың кіріп-шыққанын, қайда бағыт алғанын машинистердің маршрут қағаздарына жазып отырады. Бір ауысымда станцияға аялдаған машинистердің  қағазына мөр басып, келген-кеткен уақытын журналға белгілеп, кезекшілерден кейінгі ауысымды қабылдап, вагондарға башмак қойып, бәріне үлгерулері тиіс.   – Теміржол күрделі сала болса да әйел адамдар көп жұмыс істейді.  Теміржол сан салаға бөлінеді. Жолшылар жолдың күтімі мен күйіне жауапты болса, вагоншылар вагонға, локомотивке машинистер, байланыс-белгі беру, электрмен жабдықтау салаларынан бөлек, жолаушыларға қызмет көрсететін вокзал шарушалығы бар. Солардың қай-қайсысында да әйелдер ерлермен бірдей еңбек етеді. Демек, қозғалыс қауіпсіздігіне жауапкершілік бәрімізге бірдей, – дейді Гүлмира Шәкірқызы. Жұп паркіне Гүлмирадан басқа төрт кезекші бар, олар ауысым бойынша жұмыс істейді. Олардың бәрі де көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі жандар.   Жансая СЫДЫҚБАЙ Суретті түсірген автор  
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды