Жол сапасы жоғары болса...
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына республикалық маңызы бар жолдардың 786 шақырымы тиесілі. Осының 420 шақырымын төрт жолақты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі құрайды. Бүгінде үлкен жобаның 224 шақырымы пайдалануға берілген.
Ал, Шымкент – Жамбыл облысының шекара аймағындағы 82 шақырым, Шымкент – Өзбекстан шекарасына дейін 102 шақырым және Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы 15 шақырымдық айналма жол мен Түлкібас ауданындағы осы шамалас айналма жолдың құрылысы әлі жүріп жатыр. Яғни, пайдалануға берілмеген жолдар 197 шақырымды межелеп тұр. Дегенмен, халықаралық дәліз құрылысының 70 пайызы игерілген. Бұдан өзге жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына республикалық бюджеттен 466 млн теңге бөлінген. Ол қаржы қыстың көк мұзында жолдың қарын тазалап, құм сеуіп, жазғы уақыттары шөбін орып, жолдағы таңбаларды белгілеу сынды күтім жұмыстарына жұмсалады.
–Кентау – Түркістан арасындағы және Түркістан – Шәуілдір бойындағы апатты көпірлер қазір талапқа сай. Сонымен қатар, тасқын кезінде су сыймағандықтан, ағынды жіберуге үш жерге гофра құбыр қойылды. Темірден жасалатын бұл құбырлар монтаж кезінде жеңілдеу болады. Аталған көпір құрылысының барлығы былтыр басталып, биыл аяқталды. Сосын көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы жоғары аймақтар жиі күрделі жөндеуден өтіп тұрады. Мәселен, Жетісай – Қызыләскер – Сарыағаш – Жібек жолы тас жолын биыл күрделі жөндеуден өткізуге қаражат тапшы болғандықтан, орташа жөндеу жүруде. Одан бөлек, ағымдағы жылы Сарыағаш ауданындағы Абай ауылы мен Сарыағаш курортының ортасындағы жолға орташа жөндеу жүргізуге 371 млн теңге бөлінген. Бұл іс те жаз соңында бітеді деп отырмыз. Соңғы жылдары туризмді дамытуға көңіл бөлініп жатқандықтан, екінші орташа жөндеу халық көп келетін Арыстанбаб мешіті – Шәуілдір аралығына жасалуда. Аталған телімді дұрыстауға 352 млн теңге бөлініп, екі телімде де жұмыс кестеге сай өтіп жатыр. Негізгі жұмыстары жаз аяғында, қалған жол белгілерін қою сынды шаруалар қыркүйекте тәмамдалмақ.
Үшінші телім Шәуілдір – Төрткөл бағыты. Бастапқыда берілген 352 млн қаржыға мамырда қосымша байқау жарияланып, тағы 280 млн теңге аударылған. Сол қаржыға осы аралықтың он үш шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Бұйыртса, күздің алғашқы айында аяқталады, – дейді филиал директоры Мұхтар Дүйсембеков.
Аталған филиал ұжымы жергілікті әкімшілікпен, облыстық туризм және спорт басқармасымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы жолаушыларға қызмет көрсететін орындарды халықаралық деңгейге сәйкестендіруді қолға алуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі іске қосылғалы жол қозғалысы бұрынғыға қарағанда 2-3 есе өскен.
– Қазіргі таңда тек Астана – Бурабай арасындағы 230 шақырым жол ақылы. 2022 жылға дейін Республика бойынша қайта жаңартудан өткен жолдар 7 мың шақырымды құраса, оның бәрін ақылы ету жоспарда қарастырылуда. Біздің облыста ақылы жолға бірінші кезеңде Шымкент – Қызылорда бағыты кіреді. Келешекте Шымкент – Жамбыл және Шымкент – Ташкент бағыты да қосылмақ. Бұл әлі жоспар, ал жоба енді дайындалады. Ақысы төленгеннен кейін жолдың сапасы жолаушының жұмсаған қаржысына лайықты болары сөзсіз. Бұл болашақта бюджетке қол созбау үшін қажет. Құрылысқа кеткен қаражатты қайтаруға емес, жолды күтіп ұстағанға жұмсалуы қажет, – дейді Мұхтар Манасұлы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды