Машинистердің «өз үйі – өлең төсегі»

Жаңалықтар
31.08.2016, 16:14
Оқуға 2 мин
Жуырда Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жанынан локомотив бригадаларының демалыс үйі пайдалануға берілді. Мұнда машинистер мен олардың көмекшілеріне кезекті рейстен кейін жайлы орында демалып, тынығуына жағдай жасалған.   Он  жатын орны мен жуынып-тамақтанатын, киім ауыстыратын, демалатын бөлмелері бар шағын демалыс үйі  аймақтағы локомотив бригадаларының қажетін толық өтейді.   Қай жерде сапарда жүрсін, локомотив бригадаларының кезекті ауысым алдындағы демалысын ұйымдастыру теміржолшылар үшін ежелден бұлжымас заңдылық, басты шарт. Бертінге дейін локомотив бригадалары Маңғыстау елді мекенінде №26 жатақхананың жалдамалы екі бөлмесінде орын  теуіп келді. Алайда, жатын орынның талапқа сай келмеуі, жаз мезгілдерінде ыстық, қыс айларында салқын болатындығы, сондай-ақ, сумен қамту қызметінің көңіл көншітпейтіндігі осыған дейін талай рет көтерілген мәселе болатын.  Міне, «Локомотив сервистік орталығы» АҚ филиалы «Локомотив» АҚ құрамына қосылғаннан кейін  ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, машинистер үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған  демалыс үйіне айналып отыр.   ─ Локомотив бригадалары – біздің негізгі күшіміз, сондықтан оларға жағдай жасау бірінші кезекте. Біздегі Бейнеу, Маңғыстау, Жаңаөзен, Шетпе, Сайөтесті қосқандағы локомотив деполарына қарасты штат саны 760 адамды құрайды. 530 локомотив бригадасы бар, оның ішінде 260 машинистер және 270 машинист көмекшілері. Демалыс орнында қарастырылған 10 орын әзірге  Жаңаөзен, Бейнеу бағытынан келетін локомотив бригадаларына толықтай жетіп тұр. Біздің басты мақсатымыз – сол локомотив бригадаларының талапқа сай тынығып-демалуына жағдай жасау. Жақсы демалған бригада жолда қырағы отырады, жұмысқа қабілеті өседі, жұмыстың өнімділігіне едәуір септігін тигізеді, ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталады, – дейді   Маңғыстау локомотив пайдалану депосының кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов.   Оның айтуынша, болашақта Бейнеу, Сайөтес станцияларында да машинистердің демалыс үйлерін жетілдіріп, оған спорттық бөлмелерді де қосу жоспарланып отыр екен.

                                                                                                        Әсел ТАҢАТАРОВА

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды