Көп балалы отбасыларға көмек

Жаңалықтар
02.09.2016, 10:59
Оқуға 2 мин
Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің басшылығы теміржолшылар арасындағы әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етті.  Бөлімшенің кең ауласында ұйымдастырылған салтанатты шарада филиал директоры Марлен Көкірекбаев барша балақайлар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Аталмыш шараны ұйымдастыруға атсалысқан кәсіподақ ұйымы атынан сөз алған  «Қазақстан Республикасының теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досанов та ізгі тілегін жеткізді. Осыдан соң мектеп жасындағы балалар мен олардың ата-аналарына кеңсе тауарлары толы оқушылар сөмкелері сыйлыққа табыс етілді. Айта кету керек, өткен жылы 28 ата-ана осындай тарту иеленген болса, биыл олардың саны айтарлықтай артқан. 60-тан астам теміржолшы ата-ана ақшалай сыйлық алған екен. Ал елу шақты балақайға оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді. Басым көпшілігі бастауыш сынып оқушылары. Араларында бірінші сыныпты аттағандар да бар. Сонымен қатар, Марлен Кәрімұлы мен Алик Тұрсынұлының жеке есебінен де бірқатар балақайлар арнайы сыйлық алды. -Қазіргідей қысылтаяң уақытта балаларды мектепке даярлау отбасы бюджеті үшін оңайға соқпайды. Бізге көпбалалы жанұя ретінде Семей темір жолы басшылығы үлкен көмек жасады. Мектепке керекті барлық жабдықтарды түгендеп сатып алып берді. Алдын ала кадр бөлімінен үйге хабарласып, қандай заттар қажет екенін тәптіштеп сұрады. Осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырған ұлттық компанияға барша ата-аналар атынан зор алғыс білдіремін, - дейді «Күміс алқалы» ана Кенжегүл Саяқова ризашылықпен.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей  

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды