Шұғыл тежеу көп

Жаңалықтар
19.02.2019, 12:06
Оқуға 2 мин

Матай локомотив пайдалану депосында шұғыл тежегіш басу жайттары артып отыр. Мысалы, өткен жылы машинистер 129 шұғыл тежегіш қолданған, ал оның алдыңғы жылы локомотив бригадалары 111 рет шұғыл тежегіш басқан.

Шұғыл тежегіш басу себептері әртүрлі: басудың алдын алу – 82 жағдай, жолдағы мал – 75 жағдай, 29 – басу оқиғасы. Жолдағы адам – 7 оқиға, басу –1 оқиға. 

Осы жағдайларды ескере келе, депода пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар әзірленді. Автотежегіштерді басқару жөніндегі локомотив бригадаларының, инженерлердің жылдамдық өлшегіш ленталарды, тіркеу кассетасын таратып жазу бойынша бұзушылықтарды болдырмау үшін «Жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану жөніндегі нұсқаулық» талаптарының орындалуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Пайдалану жұмысын жақсартуға бағытталған барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар атқарылуда. 

Депо бастығы Нұрлан Есболовтың айтуынша, машинистердің рапорттары бойынша ақпараттарды қатысы бар ұйымдарға дер кезінде жіберуге күнделікті бақылау, локомотив бригадаларының командалық-нұсқаушы құраммен және өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша басқа да қызметтермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленген. 

– Командалық құрам локомотив бригадаларының ТПЕ, ИСИ, ИДП талаптарын, қолданыстағы нұсқаулықтар мен бұйрықтарды орындауын тәулік сайын бақылауды, сондай-ақ локомотив бригадаларының сағаттарының айлық өндірілуін реттеуді бақылауды белгілеген, – дейді депо бастығы. 

Әдетте локомотив бригадаларының бұзылуының барлық жағдайлары техникалық сабақтарда және жоспарлы кеңестерде пысықталады, техникалық бюллетеньдер шығарылады, локомотив бригадаларын локомотивтерде, БӨА орындау кезінде көрсете отырып, практикалық оқыту жүргізіледі. Сонымен қатар, депо басшылығы, локомотивтерді жөндеуді бақылау бөлімі және оқыту жөніндегі машинист-нұсқаушылар тарапынан бақылау күшейтілген. 

Қай уақытта болмасын Матай депосы мықты техникалық кадрларымен, локомотив шаруашылығындағы ең бейінді кәсіп – машинистерімен танымал, сондықтан да мұнда кадрларды даярлауға айрықша көңіл бөледі. Локомотив бригадалардың барлық сериядағы локомотивтерге қызмет көрсету және пайдалану тәртібін меңгеру үздіксіз жүргізіледі.   

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы 


Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды