Атыраудан Алматыға күнде қатынайтын пойыз шығару жоспарда бар

Жаңалықтар
21.06.2019, 13:15
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жаздыгүні қай бағытқа болса да, жолаушылар қозғалысы күрт артатыны белгілі. Жазда каникулға шыққан студенттер мен оқушылардан басқа, жыл сайын бір келетін демалысын алып қыдыратын, саяхаттайтын халық бар, әйтеуір жолаушы саны екі есе көбейеді. Вокзалдар толған халық, кассаның алды ығы-жығы, кейбірі тіпті маңдайшасына «билет жоқ» деп жазып қояды... 

Атырау вокзалының басында да күндіз-түні қарбаласқан адам нөпірі басталып кеткен, бірі діттеген бағытына билет табылып қуанып жатса, енді бірі билет таппай сенделіп жүр. Сұрастыра келе, көп бағытта орын жоғы рас екенін білдік. Аймақтағы пойыз құрамын жасақтаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалының Атырау телімі бастығы Әлмұқан Есқалиевтен осы мәселеге байланысты түсінік беруін сұраған едік. Оның айтуынша, билет тапшылығының орын алып отырғаны рас. Әсіресе, Астана мен Алматыға билет жоқ. Алайда, телім басшылығы қай бағытқа да қосымша вагон қосу жүзеге асырылып отырғанын жеткізді. Мәселен, Атырау-Астана бағытындағы №№47-48 пойызға барлығы 11 вагон жүрсе, оған қоса тағы 4 вагон қосылып отыр. Маусымның 17, 19 күндері Атыраудан жүріп кеткен пойызға 1 плацкарт және 2 купе, 1 жұмсақ купелі (CП) вагондар қосылыпты. Әр пойызға осылай бір-екі вагоннан қосылып отыр екен.

Жаздыгүндері еліміздің түкпір-түкпірінен Маңғыстаудағы Бекет ата басына баратын халық көбейеді. Соған сәйкес түбекке қарай қатынайтын адам саны да екі-үш есе артады. Бұл бағыттағы №313/314 «АтырауМаңғышлақ» пойызына да 1 купе, 1 плацкарт вагоны қосылыпты. Бірақ мұнда да вагон үнемі қосыла бермейді, тек сұраныс болған жағдайда, адам саны шамадан асып кеткенде ғана бөлінетіндігін түсіндірді телім бастығы.

№625/626 «Атырау-Астрахань» пойызына да сұраныс бар, мұнда бүгінгі күні 1 плацкарт және 3 купе вагоны қатынауда, бірақ қосымша вагонға мұқтаждық жоқ, орын жеткілікті. Жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған бағдар Алматыға дейін қатынап, жолда оңтүстік өңірді түгел дерлік шарлап өтетін №№41-42 пойызы, мұнда барлығы 16 жолаушы вагоны бар. Бұл бағыттағы вагон құрамы Атыраудан жасақталғалы бері, атыраулық жолаушылардың «айы оңынан туып», шарқ ұрып билет іздеу азабы бұрынғыдан азайған. Яғни, күні бұрын билет алып қойсаңыз болды. Маусымның 18 және 20 күндері Алматыға шыққан №№41-42 пойызға да екі плацкарт, бір купе, бір жұмсақ – барлығы 4 вагоннан қосылған. Жолаушының көптігін есептегенде, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, Алматыға «Тальго» жүреді, алайда оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді екен.

– Біз барлық бағытта да мүмкіндігінше қосымша вагон бөлуге тырысып жатырмыз. Кейде адам санынан қарай 4-5 вагонға дейін қосатын кездеріміз болады. Қалай болғанда да компанияның міндеті – жолаушыны діттеген жеріне жеткізуге жағдай жасау. Қазіргі уақытта 26 вагонымыз жөндеуде тұр, тағы 24 вагон жоспарлы жөндеуге қойылмақшы, соған қарамастан вагондар санын шектеп отырған жоқпыз, – дейді телім бастығы.

«Ұзынқұлақтан» естуімізше, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Атыраудан Алматыға күнде қатынайтын пойыз шығару жоспары бар екен. Мұны Ә.Есқалиев те жоққа шығармады. Ол жоба жүзеге асса, Алматыға билет тапшылығы мүлдем жойылар еді деп армандайды мұнайлы өңір халқы.   

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды