Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері

Жаңалықтар
13.09.2019, 08:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өз жұмысын бастады. Шараны ұйымдастырушы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстанның машинажасаушылар одағы болса, бас әріптесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. 

Форум жұмысын ашқан «Қазақстан машина жасаушылар одағы» басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев мемлекет пен бизнестің нақты диалог алаңына айналып отырған шараның ауқымы да кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Айта кетерлігі, мыңға жуық делегат қатысқан форумның денін жастар құрады. Биылғы ұраны «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» болып отырған форумда жаңа заман талабы жағдайында саланы дамытудың стратегиялық бағыттары, импорт алмастыру, өндірісті ынталандыру, жас мамандардың мәртебесін арттыру, цифрландыру жағдайында жаңа тәсілдерді талқылау сияқты маңызды және өзекті тақырыптар талқыланады деп күтілуде.

Форумның пленарлық отырысы басталып, онда ҚР Президентінің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев, Мемлекет басшысының форум қатысушыларына жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Ал Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек форумда сөйлеген сөзінде соңғы жылдары машина жасау саласы жаңа экономикалық жағдайларға жедел бейімделіп, тұрақты өсуге шыға алған бірнеше салалардың біріне айналғанын, Индустрияландыру жылдары машина жасау және металл өңдеу саласында 130 жаңа өндіріс іске қосылып, 14 мың тұрақты жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, егер 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық өнеркәсібінің өсімі 4,1%-ті құраса, онда көрсетілген кезеңде машина жасау өндірісінің өсімі 14,1%-ті құрап, осылайша ақшалай мәнде рекордтық көрсеткіш 1,1 трлн теңгеге жеткен. Ал 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 18%-ті құраған. Ол биылғы жылы қабылданған маңызды құжаттың бірі ретінде, Қазақстан Республикасы Премьерминистрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы №115 жарлығымен Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасының бекітілгенін жеткізді. Бұл құжат машина жасау саласын дамытудың орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық көрінісі болып табылады. Құжаттың басты мақсаты – отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және саланың экспорттық әлеуетін арттыру. Ал форум жұмысы аясында Жол картасын жүзеге асыру жолдары талқыланбақ.


Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр өз сөзінде елімізде индустрияландырудың екі бағдарламасы іске асып келе жатқанын, машинажасау саласында жалпы 114 жоба жүзеге асқанын және осы кезеңде жаңа өнім түрлері шыққанын, айталық, автомобиль және теміржол өнеркәсібінің нөлден бастап құрылғанын, ал мұнайгаз, тау-кен сияқты салалардың дамуы қарқын алғанын жеткізді. Сонымен қатар ол ҚҚС бойынша преференция енгізіліп, өнеркәсіптік кооперация бойынша бағдарламаның іске қосылғанын, экспортқа арналған өнімдер түрін кеңейтуге мүмкіндік туғанын, сондай-ақ, кооперациялық байланыстарды дамыту үшін Қазақстан-Ресей арасында бірлесе іс-қимыл жасау бағдарламасы қабылданғанын және де бұл бағдарлама өндірісті бірлесе дамытуға ықпалын тигізетінін атап өтті.

Биылғы жылғы Форумның тағы бір ерекшелігі, Елбасы жариялаған Жастар жылын назарға ала отырып, негізгі іс-шаралардың жастар әлеуетін дамытуға арналып отырғаны. Атап айтқанда, форум барысында студенттер үшін дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, жас мамандарға арналған көпшілік алдында сөйлесу (public talk), оқушылар арасында робототехника бойынша байқау өткізілмек. Және де форумға қатысушылар маңызды шара аясында өндірушілердің көрмесіне қойылған жұмыстармен таныса алады. Форум барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бір топ машина жасау саласының үздіктерін «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапаттады. Олардың қатарында «Теміржол жөндеу» ЖШС және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ еңбеккерлері де бар. 

Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті