Өтпедегі оқиға: кім кінәлі?

Жаңалықтар
16.09.2019, 23:05
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың қатысумен Ақсеңгір – Шамалған теміржол өтпесінде Алматы-Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының қала маңына қатынайтын автобуспен соқтығысқан оқиғасына қатысты брифинг өтті.

«Оқиға кешкі сағат 19.08 минутта болды. Алматы – Отар теліміне қарасты Ақсеңгір – Шамалған теміржол өтпесінде №43 Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызы №456 Алматы – Қаскелең рейсіндегі жолаушылар автобусымен соқтығысты. Өкінішке қарай, оқиға орнында автобус жүргізушісі қаза болып, үш адам жапа шекті. Қайтыс болған марқұмның отбасына министрліктің және өз атымнан көңіл айтамын. Біздің министрлікте жол-көлік оқиғасын тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды, оның құрамына Көлік комитеті мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ лауазымды тұлғалары кіріп отыр. Пойыз жақындап қалған 2434 метр қашықтықта өтпенің сигнал беретін құрылғысы автоматты түрде іске қосылып, дыбыс беруі қалыпты болған, сондай-ақ, бағдаршамның қызыл шамы жанған, алайда, шлагбаум өтпеде көлік тұрып қалғандықтан толықтай түсірілмеген, өйткені, осы кезде автобус өтпе үстіне шығып кеткен. Автобус көліктердің кептелісінің салдарынан ары-бері қозғала алмай сол өтпеде тұрып қалған. Ал 97 км/ сағат жылдамдықпен келе жатқан пойыз өтпеге жақын қалған 500 метр қашықтықта шұғыл тежегіш басқан. Алайда, жолаушылар автобусымен соқтығыспау мүмкін болмады. Норматив бойынша тежегіш басқаннан кейін пойыздың жүріп өтетін жолы 712 метр болса, машинист жолдың жүру қашықтығын 671 метрге дейін қысқарта алған. Яғни, шұғыл тежегіш басқаннан кейін пойызды толық тоқтату үшін жүріп өткен жол қашықтығы 671 метрді құраған. Автобуспен соқтығысқан сәттегі пойыздың жылдамдығы 55 км/сағатты құраған. Жекеменшік тасымалдаушы «Түркісіб – Астана» ЖШС алға тартқан дерекке сүйенсек, пойыздағы жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Ал өтпеге келсек, ол жолды бөгеу құрылғысымен, шлагбауммен, бағдаршаммен, яғни талапқа сай толық жарақтандырылған. Автобусқа келсек, ол Сетра маркалы, 1990 жылы шыққан көлік. Соңғы техникалық байқаудан өту мерзімі биылғы жылдың 16 шілдесінде біткен. Бірақ, одан бері қарай көлік техбайқаудан өтпеген. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС. Ал жапа шеккен жандарға келсек, Жәнібекова Эльмира 1986 жылы туылған және оның екі қызы, бірі 2016 жылы, екіншісі 2014 жылы дүниеге келген. Эльмира Алматы локомотив пайдалану депосында жұмыс істейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ жапа шегушінің өзі мен қыздарына толықтай материалдық көмек көрсетіп, ем-дом қабылдауына жәрдем беретінін жеткізді», – деп ресми ақпарат берді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Ал ҚР ІІМ-нің басшысы қазір жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, автобус жүргізушісі пойыздың келе жатқанын көріп, артқы есікті ашып, көліктен 20 адамның 16сы сыртқа шығып үлгерген... Апат кезінде автобуста төрт адам қалған, ол жанында екі қызы бар әйел және жүргізушінің өзі екен. Жүргізуші қаза болып, ауыр жарақат алған жапа шегушілер Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілген. Оқиға орнында көліктегі полиция департаменті және Алматы облыстық полиция департаментінің шұғыл тергеу тобы жұмыс істеу үстінде екен. Жол жүру ережелерінің бұзылуына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 34-35 баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қос ведомство басшыларының мәлімдемесінен кейін БАҚ өкілдері сұрақ жаудыртты. Көпшілікті толғандырған сауалдар, күн сайын 65 пойыз толассыз өтіп жататын аталған өтпе үстінен көпір салынады ма? Оқиғаға кім кінәлі, т.т. болды. Роман Скляр келешекте осы өтпе маңынан, яғни 1 км қашықтықта көпір салуды жоспарлап отырғандарын, келесі жылы осы көпірге қатысты жобалықсметалық құжаттама әзірленіп және құрылыс жұмыстары басталатынын жеткізді. Сонымен қатар ол осы өтпеден 7 км қашықтықта өткен жылдары бір көпір салынып, пайдалануға берілгенін және бұл нысанның бой көтеруімен екі теміржол өтпесінің жабылғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде 1058 теміржол өтпесі бар болса, соның 467-сіне көлік көп өтетін жерлер болғандықтан күзет қойылған. Алайда, соған қарамастан, бұл жерлерде жол-көлік оқиғаларының болып жататынын кешегі оқиға тағы айқындап отыр. Мәселен, 2018 жылы 9 жол-көлік оқиғасы орын алған, одан 2 адам қайтыс болып, 20 адам жарақаттанған.  

Биыл кешегі оқиғаны қосқанда 7 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған. Ішкі істер министрі жол-көлік оқиғаларының 98 пайызында көлік жүргізушілерінің кінәлі екенін жасырмады. «Теміржол өтпесі алдында «STOP» деген белгі тұрады. Көп жағдайда көлік жүргізушілері соны елемей, жол жүру ережесін өрескел бұзады» деген министр көлік жүргізушілеріне қатысты тәртіпті күшейту жағын қарастыратынын жеткізді. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?