Трансеуразия мәртебесі бізге не береді?

Жаңалықтар
24.09.2019, 13:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қыркүйектің 19-20 күндері Қазақстан астанасында өткен Транссібір тасымалдары бойынша үйлестіру кеңесінің (ТТҮК) XXVIII пленарлық отырысы өз жұмысын аяқтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ТТҮК» халықаралық қауымдастығы кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойды.

Аталған құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атынан Басқарма төрағасының орынбасары Павел Соколов, ал Ресей тарапынан «ТТҮК» ХА төрағасы Олег Белозёров қол қойды.

«Бүгін біз соңғы рет Транссібір тасымалдары деген ескі атаудағы үйлестіру кеңесінің пленарлық отырысын аяқтап отырмыз. Міне, бүгін біз Қазақстан астанасында біздің ассоциацияның атауын «ТТҮК» аббревиатурасын сақтай отырып, «Трансеуразиялық тасымалдар бойынша үйлестіру кеңесіне» өзгерту арқылы дәуірлік маңызды шешім қабылдап отырмыз. Біз мұны барлық қатысушылар мен серіктестер үшін елеулі оқиға деп санаймыз. Мұндай шараларда Қазақстан, Достық, Алтынкөл, Ақтау деген сөздер жиі айтылуы керек сияқты. Біз соған үміттіміз. Еуразия құрлығының ғана емес, транзиттің де жүрегі болып отырған Қазақстанда ТТҮК-ның жаңа мәртебеге ие болуымен қатар оның қызметі бүкіл еуразия кеңістігінде кеңейе түспек. ТТҮК-не Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және де біздің «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы «КTZ Express» АҚ-ның кіруімен Кавказға да қызмет ауқымы кеңейе түседі. Бұл маршрут Қазақстан және оның аймақтары үшін өте маңызды. Сіздерді трансформациядан өткен ТТҮК-нің жаңа форматымен құттықтаймын, ол Азиядан Еуропаға дейінгі көліктік-логистика саласына үлкен серпін береді. Кеше біз транзиттік тасымалдар бойынша барлық сұраққа жауап беретін ТТҮК отырысын «бірегей дискуссиялық алаң» деп атап өткен болатынбыз. Сөзімді түйіндей келіп, маңызды шешім қабылданған отырысқа қатысушыларға алғысымды білдіремін», – деді Павел Соколов.

«ТТҮК» халықаралық қауым дастығына қазақстандық көліктіклогистикалық компанияның кіруі олар үшін қаншалықты тиімді, соған келейік. Еуропа мен Азияның түйісу шекарасында орналасқан Қазақстан Еуразия құрлығының кіндік нүктесі болумен қатар жоғары транзиттік әлеуетке ие және трансконтинентальдық көпір болып табылады. Мәселен, биыл транзиттік тасымалдардың жалпы жүк тасымалы көлеміндегі үлесі 6%-ті құраса, одан түскен кіріс 28%. Транзит құрылымы контейнерлік емес және контейнерлік тасымал болып бөлінеді. Бүгінде контейнерлік емес транзит тасымалынан түскен кіріс үлесі 63%-ті құрап отыр. Нақты дерекке жүгінсек, үстіміздегі жылдың 8 айында Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік емес транзит көлемі, яғни әмбебап жылжымалы құрамдарда тасымалданған транзиттік жүк көлемі 7,6 млн тоннаны құраған. Бұл жерде негізгі жүк ағаш және мұнай өнімдері, қара металл, тағы басқалар. Атап өтерлігі, жүк тасымалдары Қытайды Ресеймен, Орталық Азия елдерімен, Кавказ және Еуропамен байланыстыра отырып, түрлі бағыттарда жүзеге асырылуда.

Ал Ұлттық компания бұл күнде дамудың стратегиялық векторы мен өсу нүктесін басымдыққа ие контейнерлік транзиттік тасымалдардан көруде. Осы ретте, есепті мерзімдегі контейнерлік транзиттің жалпы көлеміне келсек, ол 411,2 мың жиырмафуттық эквиваленттегі (ЖФЭ) контейнерді құрап отыр. Егер Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік транзит бағдарларының жоғары өткізу қабілетіне болжам жасар болсақ, онда биылғы жылдың 8 айында инфрақұрылымның 47% «жұмысбасты» болғанын байқауға болады. Бұл дегеніміз, Қазақстанда контейнерлік тасымалдың транзиттік әлеуеті зор екенін дәлелдейді. Демек, Трансеуразия мәртебеге көшкен «ТТҮК» халықаралық ассоциациясына кіру Қазақстан үшін бірқатар мүмкіндіктер береді деп болжам жасайды сарапшылар. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?