Өңір жастарымен кездесті

Жаңалықтар
11.10.2019, 10:18
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған сенат төрағасы Дариға Назарбаева өңір жастарымен кездесті. Олардың қатарында белсенді жас теміржолшылар да болды. 

Дариға Нұрсұлтанқызы мемлекеттік жастар саясатындағы рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақ сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдылығына және жастардың білім алуға ұмтылуына басымдық берді. «Егер сен жақсы жұмыс жасасаң, жақсы табыс табасың. Мен сіздердің барлығыңыздың жақсы басшылық қызметке ұмтылғандарыңызды қалар едім. Ол үшін үлкен білім қажет. Біз үнемі өзімізді жетілдіріп отыруымыз керек», – деді сенат төрағасы жастармен кездесуінде.

Басқосуда жастар да сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Ақтөбе ЖТ бөлімшесінде басшылық қызметтердің бірінде жүрген жас теміржолшы қоғамдық өмірге белсене қатысып жүрген әріптестері туралы сөз қозғап, компаниядағы жастар ұйымының жұмысы туралы айтып берді. «Компаниядағы жастар ұйымы туралы айтқым келеді. Өңірде 5 мыңға жуық жас теміржолшы бар. Жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жастар үшін жоба көп. Жастар форумында рационализаторлар өз ұсынысын ортаға салып, тың идеяларымен бөліседі. Еңбек жоғары бағаланады. Сонымен қатар, бөлімшеде «Жайдарман» ойындарына қатысатын командамыз бар. Жастарымызды ынталандыру үшін әртүрлі шаралар өткізіп тұрамыз. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған спорттық жарыстар тығыз қарымқатынас орнатып отыр. Тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға жастардың бастамасымен көмектер көрсетіліп келеді. Теміржолшылар үшін биылғы Жастар жылы түрлі жобалар мен жетістіктерге толы болды. Сонымен қатар, бұдан басқа кейбір күрделі мәселелер де жоқ емес. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 42 адам жұмыстан шыққан. Оның дені жастар. Бұл – теміржолдан басқа салаларға да қатысты жағдай. Сондықтан, білікті мамандарды жұмыстан жоғалтпау жағын қарастыру жолын іздеу керек деп ойлаймын», – деді Ақтөбе ЖТ мекемесі техникалық бөлім басшысының орынбасары Руслан Жұмағалиев.

Теміржолшының жүйелі ойына риза болған сенатор оның сөзіне қол соғып, құрмет көрсетті. «Жарайсың! Талдап, жүйелі түрде түсініріп бердің.

Жастар алға ұмтыла беру керек, мемлекет сіздерге сенім артады. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қоғаушы күші. Сондықтан ел тірегі сендер екенін әсте естен шығармағандарың абзал», – деген жастардың ой-пікірін тыңдап, ел дамуына үлестерін қосып, белгілі бір іспен айналысуға шақырды.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады