Қуат көзі ақаусыз

Жаңалықтар
22.10.2019, 15:12
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойы мен станцияларды электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының жеті желілік ауданы бар: Ақтөбе, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Никельтау, Әйтеке би, Орал және Қазақстан электрмен жабдықтау аудандары.

Дистанция қарамағында 10 цех пен екі механикалық шеберхана жұмыс жасап тұр.

226 жұмысшы-қызметкер еңбек ететін мекемеде бар мамандарға жағдай жасау, еңбегін қорғау бағытында тұрмыстық және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жыл сайын дистанция бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы білуден шеберлік жарыстарын өткізу дәстүрге айналған. Мақсат – жұмысшылардың білімге деген құштарлығын арттыру. «Өндірістік қауіпсіздік, күзет қызметі маман дары жыл сайын тұрақты түрде біліктілігін арттырып тұрады. Қауіпсіздіктің сақтауы мен бақытсыз жағдай тіркелмеуіне байланысты бірнеше жыл қатарынан республика бойынша үздік алтылықта келеміз. Электрмен жабдықтау орталығы филиалдардың арасында жылда ақаудың жіберілмеуі, қорытынды жұмыстарға байланысты жарыс өткізеді. Бұл қызметкерлердің жұмысты ынталы жасауына көп септігін тигізіп отыр. Мамандарымыз тоқсан сайын жасаған жұмыстарына сай сыйақы алып отыр», – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары Айбек Ақжігіт.

Барлық желі бойын, сол жол бойындағы елді мекендерді электр қуатымен қамтитын мекеменің жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Мекеменің тоғыз айдағы жұмыс қорытындысы бойынша еш жерде ақау тіркелмеген. Аумақта пойыздың кідіруі, желілік сымдардың үзілуі болмаған. «Жыл сайын арнайы бекітілген кестемен 8-9 мың шақырым желілер ауыстырылып тұрады. Биыл біраз жерде кабельдерді ауыстырдық. Осы жылы материалдардың жеткізілуі, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жоғары деңгейде жүріп жатыр. 226 адамның барлығы арнайы киіммен қамтамасыз етілді. Қыс мезгілінде қыстық киімдер, жазда жеңіл киімдер келеді», – дейді басшының орынбасары.

Жаз бойы желілер, бекіткіштер ауыстырылып, айырып-қосу аппараттары тексеріліп, қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуы бақылауға алынған.

«Осы айда 80 бағана ауыстырылады. Оның жартысы Орал, жартысы Ақтөбе-Шұбарқұдық бағытында. Теміржол паркі де заманауи жарықтандырулармен қамтамасыз етілді. Бұрынғыдай сығырайып тұрған шам жоқ. Бәрі жарқырап тұр. Арнайы цехымыз бар. Кабельдің ақауын табатын лабораториялық машинамыз бар. Жердің астындағы кабельдің ақауы арнайы машинамен ақаулар тез анықталады. Екі осындай машинамыз ақаудың қанша метр, қай жерде екенін рентген сияқты шығарып береді», – дейді Айбек Ақжігіт.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады