Жең ұшынан жалғасуға жол жоқ

Жаңалықтар
13.03.2020, 10:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қоғамдық індеттің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты да түсінік беріп өтті.

Бұл мәселенің тамырына балта шауып, түбегейлі жойып тастау бір күн немесе бір жыл мәселесі еместігін, алайда, 2019 жылы компанияда жең ұшынан жалғасқан құбылыстарды болдырмау мақсатында бірқатар шаралардың іске асқанын жеткізді.

«Жұмысқа орналастырудың жаңа ашық схемасы әзірленді. Ол бойынша компания мен оның филиалдарына жаңа қызметкерлерді алу барысы орталық аппарат деңгейінде, толығымен орталықтандырылған. Қамтылуы – 57 мыңнан астам жұмыс орны. Орталықтандырылған жұмысқа алу аясында 1600-ден астам қызметкер еңбекпен қамтылды. Ал биыл ҚТЖ-ның барлық бизнес-бағытын қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Сауат Мыңбаев.

Сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өткен жылдың 1 шілдесінен бастап билеттер сатылымы қазақстандық «Мобиус» жүйесіне толығымен көшкенін, ал бұл жаңа жүйе билеттерді алып қайта сатуға мүмкіндік бермейтінін, яғни жаңа жүйе бойынша бос орындарды ұстап алуға шектеу қойылған, ол билеттерді Күту парағы бойынша кезек тәртібімен сатып алу мүмкіндігі жасалғанын да жетістік деп бағалады.

– Біз жүк вагондарын басқаруда толық қағазсыз технологияға көштік. Қазіргі кезде барлық республика ішілік қатынаста электронды тасымалдау құжаттарын рәсімдеу 90% құрап отыр. Бұл тәжірибені кеңейте түспек ойымыз бар», – деген компания басшысы, өткен жылы барлық филиалдар мен еншілес ұйымдарда аудио және бейнежазбамен жарақтандырылған, жиһаздармен және ноутбуктармен жабдықталған арнайы кеңселер ұйымдастырылғанын, онда әлеуетті жеткізушілермен сатып алулар мәселелері бойынша келіссөздер, шағымдарды қарау,тағы басқа жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты