Тек ішкі қатынаста жүреді

Жаңалықтар
23.09.2020, 18:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

25-26 қыркүйектен бастап Атыраудан 4 бағытта жолаушы пойыздар қатынасы қайта жанданды. Олар: №41/42 «Атырау-Алматы-1», №47/48 «Атырау - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол», №313/314 «Атырау - Маңғыстау» және №691-692 «Ақтөбе-Атырау» жолаушы пойыздары. 

Оның ішінде алғашқы үш бағыт бойынша вагондар мен жолсеріктер құрамы Атыраудан жасақталады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» филиалы, Атырау телімінің бастығы Әлмұқан Есқалиевтің айтуынша, вагондар құрамы жолаушылардың сұранысына қарай жасақталуда. «Бұрын Алматы, елорда бағыттары бойынша бір пойызда 22 вагоннан құралған болатын. Қазір сұранысқа қарай вагондар санын бөліп отырмыз. Мысалы, бүгінгі күнге Алматы бағытына сатылған билеттер 22 пайызды, Нұр-Сұлтанға 19 пайызды, ал Маңғыстауға 40 пайызды құрап отыр. Сондықтан да жолаушылар санына қарап вагондар санын шығарып отырмыз. Алматы мен елордаға 6 вагоннан бөлдік. Егер 25-не дейін сатылған билеттер айтарлықтай көбейсе, онда купе және плацкарт вагондарын қосамыз. Бірақ әзірге оған сұраныс жоқ» дейді ол. 

Сондай-ақ, елдегі карантин шараларының сақталуына орай жолсеріктерге бетперде, қолғап, басқа да санитарлық құралдар беріліп отыр. Барлық бағыт бойынша жолсеріктер қайта нұсқаулықтан өтіп, жұмысқа кірісуге дайын. Ал «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жүретін пойыз әзірге тоқтап тұр. Халықаралық пойыз қатынасына жол ашылмағандықтан, оның қашан жүретіні белгісіз. 

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті