Шұғыл әрекет, шалт қимыл қажет болғанда

Жаңалықтар
09.11.2020, 20:39
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігі – қауіп-қатері мол сала. Қозғалыс нөпірі күндіз-түні бір тынбай жүріп жатқан жерде абайлап жүріп, анық баспаса, оқыс оқиға аяқ астында. Сонымен қатар, күтпеген жерден туындайтын қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін түрлі жағдайлар, стандартты емес жайттар аз емес. Мұндайда теміржолшының аспай-саспай, салқынқандылықпен сауатты қимылдауына көп нәрсе тәуелді.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде осындай шұғыл әрекет, шалт қимыл қажет болғанда дұрыс әрекет ете білуге арналған өте маңызды іс-шара бастау алды. Басты мақсаты қауіпсіздікті көздейтін бұл шара жұмыс барысында туындайтын шұғыл әрекетті қажет ететін жағдайлардан оңай әрі дұрыс шыға білуге жол сілтер бағдаршам іспеттес. 

Аталған маңызды іс-шара техникалық сабақ түрінде Өзен мен Болашақ станцияларынан басталды. 

– Жұмыс барысында түрлі жағдай туындайды, сондайда тиісті нұсқаулық пен регламентке сай әрбір жұмысшының рет-ретімен атқаратын іс-қимылдары болады. Мысалы, кіріс-шығыс бағдаршамдары ашылмай қалса, қалай жұмыс істеу керек, жолдың жалған бос болмауы немесе босауы жағдайында ше? Перегондардың жалған көрсетуі, пойыздарды сұрыптау кезінде де сондай қате белгі болса және соған ұқсас түрлі техникалық ақаулар орын алуы мүмкін. Міне, осыған байланысты теміржолшылар өздерінің реттік жұмыстарын атқару міндеттерін дұрыс білуі, жетілдіруі үшін осы техникалық сабақтарды ұйымдастырудамыз. 

Алдағы уақытта Бейнеу, Шетпе сынды және бөлімшенің үлкен станцияларына барып өткізуді де жоспарлап отырмыз. Оған қозғалыс қауіпсіздігіне қатысы бар станциядағы барлық теміржолшылар қатысады. Қазір коронавирусқа байланысты бәрінің басын қосу мүмкіндігі жоқ.

Бірақ станция және дөңес кезекшілері міндетті түрде қатысуы шарт. Егер мүмкіндік болып жатса, пойыз құрастырушыларын да қамтымақпыз, – деген Өзен және Болашақ станцияларындағы техникалық сабақты жүргізген Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі бастығы Аманқос Құсайыновтың айтуынша, мұндай басқосулар пандемия жағдайын ескеріп, тиісті талаптарды сақтай отырып бір ай көлемінде жалғасады. 

Осы іс-шараға байланысты бөлімше бойынша 28 қазаннан 28 қарашаға дейін айлық жарияланып отыр. Айлықтың кестесі жасалып, желі бойындағы жұмысшы-қызметкерлермен кездесулер тізімі бекітілген. Айлық жұмысшылардың, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты мамандардың осы тұрғыдағы іс-қимылдарын жетілдіру, тиісті нұсқамалардың орындалуын пысықтау мақсатында қолға алынған. Бірінші және екінші класты станцияларындағы техникалық сабақтарды қауіпсіздік қызметі бөлімінің басшысы өткізсе, қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары мен техникалық бөлімнің мамандары қалған станциядағы аталған топқа сабақ жүргізеді. 

Өзен мен Болашақ станцияларында өткен басқосу барысында түрлі мәселелер көтерілді. 

Компания көлемінде болып жатқан түрлі оқиғалардың себеп-салдарлары талқыланды. 

Маңғыстау жағдайында сондай фактілердің алдын алып, қауіп-қатерсіз шығу мүмкіндіктері сөз болды. Теміржолшылардың түрлі сауалдарына жауап беріліп, пікіралмасулар болды.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті