Біздің міндет - жолаушыға қызмет

Жаңалықтар
21.12.2020, 21:21
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Питер Штурм қоғамның «Батыс» өңірлік филиалы Қызылорда учаскесінің жұмысымен танысу, кедергілер болса, өз көзімен көріп, оның шешілу жолдарын қарастыру мақсатында Сыр еліне келді. 

Сонымен қатар, аймақтан шығатын №21-22 «ҚызылордаСемей-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының пойыз бригадаларының жұмысымен танысу, жолаушылармен де кездесіп, олардың ұсыныс-пікірін тыңдауды да мақсат тұтқаны белгілі болды. 

Акционерлік қоғам директоры «Батыс» аймақтық филиалының директоры Ердәулет Сейтқазимов, филиалдың жөндеу жөніндегі басшысы Асхат Маратов, Қызылорда учаскесінің басшысы Алмас Дәутбаев, Кәсіподақ ұйымы төрағасы Құттыбай Қарақұловтармен бірге Қызылорда учаскесінің жұмыстарымен танысты. 

Сыр еліне аяқ басқан бойда Қызылорда учаскесінде жиналыс өткізіп, жергілікті басшылармен пікір алмасқан соң Штурм жұмысын әрі қарай Қызылорда теміржол вокзалында жалғастырды. Онда жергілікті және республикалық мерзімдік басылымдар мен телерадио журналистерінің сауалдарына жауап берді. 

Питер Штурм қазіргі таңдағы билеттердің сатылуының ұйымдастырылуы, жолаушыларға көрсетіліп келе жатқан сервистік қызметті дамыту, билет сату жүйесін халықаралық стандартқа сай жолға қою, электрондық жүйені жетіліру, баршаға қолжетімді ету, сонымен қатар тазалық пен тәртіп жайында әңгімелеп берді. 

Бас директордың айтуынша, компания жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2020-2029 жылдарда 500 вагонға дейін сатып алу көзделуде. 

Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы биоәжетханалардың алдағы күндерде модульдік нұсқамен алмастырылатыны, жалпы компания ең басты орынға жолаушының жағдайын жақсартуды қойып, осы мақсатта жұмыс жасап жатқаны көпшіліктің көңілінен шыққан сыңайлы. 

– Қазіргі таңда компания қолданысында 2100 шамасында жолаушылар вагоны бар, олардың тең жартысына жуығын келер жылы жаңалап жолаушылардың кең, таза, жарық әрі жанға жайлы вагондармен сапарлауын қамтамасыз ету үшін жоспар жасаудамыз. Біздің ең басты міндетіміз – жол жүру құжатын рәсімдеп, вагонға мінген жолаушыны жетер жеріне дейін жағдайын жасап, аман-есен жеткізіп, оның тек алғысын алу. Пойызға мінген әрбір жолаушыға барлық жағдай жасалу керек, осы мақсатта біз сервистік қызметті әлі де жетілдіреміз, – дейді Питер Штурм. 

Вокзалдағы кездесуден кейін перронға келіп тоқтаған «Қызылорда-Семей» пойызының плацкарт вагонына мінген П.Штурм вагонның жылы әрі жарық екеніне көз жеткізіп, жолаушылармен тілдесіп, олардың пікірін тыңдап, емінеркін сұхбаттасты. Жолаушылар да қазіргі жаңа вагондардың жайлы екенін білдіріп жатты. 

– Мен өзім пойызға жиі мінемін, кейде осы пойызға Жетіген станциясынан мініп Қызылордаға дейін келемін, вагондар қыстыгүні жылы болғанмен, плацкарт вагондары жазда ыстық болатыны жасырын емес. Дегенмен өзге көліктің реті келмегендіктен осы пойызға аяқ артамыз. Бұл пойыздың жолсеріктері де жақсы, кейде қол жүгіңе жәрдем береді, шай қайнап тұрады, төсек орны да таза, – деп пікір білдірді жолаушы Гауһар Бакімжанова. 

Пойыз вагонында жолаушылармен, жолсеріктермен пікірлескен П.Штурмның сапары бұдан кейін Қызылорда станциясындағы жолаушылар вагондарын жөндеу жұмыстарын жүргізетін депода жалғасты. Жолаушылар вагондарын жөндеу (РемПВ) депосында жөндеуге әкелінген вагондардың сапалы әрі уақытылы өткізілуіне көңіл бөлінуі керек екенін жеткізді. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда