Түрікменстаннан 150-ден астам этникалық қазақтар тарихи Отанына келді

Жаңалықтар
02.03.2021, 09:03
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан мен Түркіменстан мемлекеттері арасында теміржол ашылғалы биыл алғаш рет жолаушы пойызы шекаралық станция Болашаққа келіп тоқтады. Екі ел арасындағы өзара келісімге сәйкес 153 адам теміржол көлігі арқылы тарихи Отанына жетті. Түркіменстан шекарасындағы Болашақ станциясына түркімен пойызымен жеткен қандастарымызды елге жеткізу жұмысы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылды. Олардың ПТР тест сынамасының нәтижесі, денсаулық жағдайлары мен тиісті құжаттары тексерілді. Атажұртқа қоныс аударушыларды Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов, Болашақ станциясы бастығы Мақсат Нұрбеков бастаған теміржолшылар, жергілікті билік өкілдері мен халқы үлкен қонақжайлылықпен қарсы алды. Пойыз жолаушыларына ағарғаны мен бауырсағын, ыстық тамағы мен сусынын алып шықты. Ақсақалдар ата жұртты аңсап келген қандастарға ақ баталарын беріп, ал теміржолшы Ерболат Битиков өлең жолдарын арнады. Ағайын жұрт халықтың ыстық ықыласы мен қолдауына ризашылықтарын білдіріп, қарттары көздеріне жас алды. Бұдан кейін бауырлас ағайындар қазақстандық пойызға мініп, Жаңаөзен станциясына, одан кейін Маңғыстау станциясына жол тартты. Ол жерде де лайықты құрмет пен тиісті қызметтер көрсетілді. Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлері бірқатарын туыстарының үйіне, қалғандарын өзге облыстарға шығарып салды. Атап айтқанда, келген 153 адамнан Маңғыстау облысынан Ақтау қаласына 42, Мұнайлы ауданына 58, Түпқараған ауданына 11, Жаңаөзен қаласына 18 адам орналасса, 9-ы Жамбыл облысы, 11-і Алматы, біреуі Ақтөбе облысына, екеуі Шымкент қаласына жол тартты.

– Келетін адамдар көп болғандықтан тексеріс барысында қандастарымызды көп күттірмес үшін станциядағы СЭС мамандары мен шекара қызметінің өкілдеріне қоса облыстан да мамандар шақырттық. Оларды бір күн бұрын дайындап қойдық. Құрамында бір жүк вагоны, тоғыз жолаушылар вагоны бар пойыз үш сағатқа жуық кешігіп келді. Пойыз станция жолына тоқтаған сәттен бастап үш сағат ішінде керекті тексерулер жүргізілді. Жарты сағаттан соң түркімен локомотиві екінші жолдан шығып, кері қайтты. Содан соң ол жолға біздің бес вагон кіргізіліп, тексеруден өткендер сол вагондарға отырғызылды, – деген Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков, алдағы уақытта тағы осы қарқынмен көрші елде қалған басқа да қандастарымыздың келуі күтілуде екенін жеткізді.
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті