Атырау станциясының бастығын «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады

Жаңалықтар
03.03.2021, 09:31
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолға бүкіл өмірін арнап, темір жолдың майталман маманына айналған, оның өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың еңбек жолы – өскелең ұрпаққа өнеге. Солардың қатарында асқаралы 60 жасқа толған Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегеновті атауға болады. Мерейгерді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Дархан Құланбаев құттықтап, ұжымдастары алдында оған Алғыс хат табыс етті. «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Алтай аға – пойыз құрастырушыдан бастап бөлімше басшылығы аралығындағы үлкен жолды еңсерген маман. Сол еңбектің арқасында құрметке бөленіп, ҚТЖ Құрмет тақтасына да ілінді. Ол еңбек жолын Ақтөбе темір жол бөлімшесінде №142-ші бекет кезекшісінен бастады. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Темір жол көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Атырауға келді. Теміржолшылар әулетінен шыққан ағамыз қалтасында табақтай дипломы бола тұра, берген жұмысты талғамай, Құлсарыда пойыз құрастырушының көмекшісі болды. Содан маневр, пойыз диспетчері, бас инженер, Мақатта станция бастығы лауазымдарын, Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 2005 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Мақат аудандық мәслихатының депутаты болып, теміржолшылардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да елеулі үлес қосты. Алтай Азанқұлұлы – қоғамдық жұмыстардың да белсенді мүшесі. Ол мектептерге де қолдан келгенше көмегін аямай, аз қамтылған отбасыларға да жәрдемдесті. Олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің оң шешілуіне атсалысты. Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры ағамыздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан еңбегін елеп, қордың «Еңбек даңқы» орденімен марапаттады. Бұл орденді бөлімше басшысы кеудесіне тақты.

Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды