Алакөлге биыл 9 бағдар арқылы жолға шығуға болады

Жаңалықтар
15.06.2021, 21:24
Жаз келсе халықтың демалыс орындарына баруға сұранысы артатыны белгілі. Соның ішінде Алакөл курортты аймағына ағылатын жұрттың қарасы көп. Олар демалыс орнына көбіне теміржолмен барғанды жөн санайды. Осыған орай аталған бағытта биыл 9 бағдар арқылы жолға шығуға болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және сауда жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн брифинг кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Алакөлге елордадан баруға шешім қабылдасаңыз, 3 бағдар бойынша пойыздармен жолға шыға аласыз. Атап айтқанда, жыл бойына дүйсенбі мен жұма күндері қатынайтын «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Достық» пойызы және биыл 20 маусымнан бастап бейсенбі және жексенбі күндері қатынайтын «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойызы, екеуінің де тасымалдаушысы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Үшіншісі – құрамында ауыстырып отырғызбайтын вагондары бар «НұрСұлтан-1-Достық» пойызы жыл бойына жұп күндері жүреді, оның тасымалдаушысы – «АрайТрансKZ» ЖШС. Ал аталған демалыс орнына Алматыдан барғыңыз келсе, 18 маусымнан бастап «Vagon Service Almaty» ЖШС тасымалдайтын «Алматы-Достық» пойызына сәрсенбі, жұма, жексенбі күндеріне билет алсаңыз болады. Осы бағытта тағы бір пойыз «Алматы-2-Достық» пойызын да маусымның ортасынан бастап «Туран Экспресс» ӨК ЖШС дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері тасымалдайды. Бұған қоса ауыстырып отырғызбайтын вагондары бар Алматы-1-Достық пойыздарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ жұп күндері тасымалдап, қызмет көрсетуге дайын. Алакөлге Шығыс Қазақстан арқылы барамын десеңіз, 17 маусымнан бастап тақ күндері «Семей-Достық» және «Өскемен-Достық» пойыздары, сонымен қатар жыл бойына күн сайын жүретін «Ақтоғай-Достық» пойыздарымен діттеген межеге жете аласыз.
– Алакөл курорт аймағы бағытында билеттер сату бойынша жағдай ұдайы бақылауда және билет сату барысына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Бүгінгі таңда т/ж билеттерін сатудың электронды жүйесі жетілдірілді және авторизацияланған тұтынушылардың билетті қайта ресімдеуіне жол берілмейді. Билеттерді сатып алу үдерісі айқын көрініп тұрады және билетті қайта сатумен байланысты заңға қарсы әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Электронды билеттерді сатудың ұлттық жүйесіне көшкелі бері сату каналдары 15 интернет-сайт, 30 мыңға жуық өзіне өзі қызмет ету автоматтары, пошта бөлімшелері және т.б арқылы сатуды ұйымдастыру жолымен кеңейтілді. Орындарды «аулау» мүмкіндігі жоқ, электронды «Күту парағы» қызметі енгізілді. Билет қайтарылған жағдайда бірден жүйеге түседі және автоматты түрде алдымен Күту парағына бағытталады немесе еркін саудаға түседі, яғни қайтарылған билетті бірден сатып алу мүмкін емес. Күту парағына кезек те автоматты түрде адами факторсыз реттеледі, – дейді Виктор Бошманн.
Билетті BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан сатып алу кезінде бір адам өз есептік жазбасына тек 10 жолаушыға дейін билет ресімдеуге құқылы. Көп билетті ресімдеп немесе қайтарар болса, тұтынушының есептік жазбасы блокталады. Бұл шара 2019 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді және ол т/ж билеттерін заңсыз алып сату фактілерін болдырмау мақсатында іске қосылған. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан теміржол билеттерін сайт арқылы онлайн немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын қолдану арқылы сатып алуды сұрайды. Билеттерге сұраныс артатын кезеңде ең қажетті бағдарлар бойынша билеттер болмаған жағдайда жолаушылар сайттағы немесе билет кассаларындағы «Күту парақшасы» электронды қызметін пайдалануына болады. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап билеттерді алып-сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қатаңдатылып, айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ге дейін көбейтілген.
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?