Жеңілдік беретін промокодтарды «Жолаушылар тасымалы» пойыздарынан сатып алуға болады

Жаңалықтар
16.06.2021, 17:00
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы компанияға қарасты теміржол көліктерінің қызметтерін пайдаланушы жолаушыларға жаз маусымының басталуымен жеңілдікке ие түрлі «тосынсыйлар» жасауда. Соның бірі, биылғы жаз маусымында жолаушылар Алматыдағы атақты «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының гондола жолына 15% жеңілдікпен баруға мүмкіндік алмақ. Мұндай жеңілдік беретін промо-кодтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарынан сатып алуға болады. Яғни, мұндай жеңілдікке тек «Жолаушылар тасымалы» компаниясы шығарған пойыз жолаушылары ғана ие болмақ.
«Бұл жерде біздің қоғамның жолаушылары деп айтуымыздың себебі, бізден бөлек жекеменшік иелігіндегі коммерциялық пойыздар да жүреді. Көпшілік жағдайда жолаушылар пойыздардың барлығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншігінде деп ойлап жатады. Шын мәнінде, жекеменшік тасымалдаушы пойыздар да бар. Ал жаңа атап өткен жеңілдікке ие болу үшін арнайы промо-кодтарды жолаушылар Алматы бағытында жүретін №106/105 «Петропавл-Алматы-2», №4/3 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы», №10/9 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы пойыздарындағы» мейрамхана вагондары қызметкерлеріне барып тегін ала алады. Бұл жерде біз промо-кодтарды жай ғана таратушы рөлін атқарып отырмыз», – дейді бұл туралы Қоғамның Сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов.
Осылайша, ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді әртараптандыра отырып, азаматтардың жазғы демалыс маусымына орай қолайлы жағдай жасаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Еске салсақ, мұның алдын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ONAY қызметі теміржол жолаушылары мен қалалық қоғамдық көліктер үшін аралас билетті әзірлеуге бағытталған бірлескен жол картасына қол қойғанын, сондай-ақ, Сарыағаш шипажайына ағылатын жолаушылар үшін Шымкентпен екі ортада арнайы автобустар шығарғанын да хабарлаған болатынбыз.
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп