Алакөл бағытындағы билеттерді сату жағдайы талқыланды

Жаңалықтар
18.06.2021, 09:31
Үстіміздегі жылдың 16 маусымы күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің жетекшілігімен 2021 жылдың жазғы кезеңінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған онлайн дөңгелек үстел өтті. Жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП, жеке тасымалдаушылар және турагенттіктер өкілдері қатысты. Кеңес аясында жазғы жолаушылар тасымалына дайындық, электронды билеттерді сату жүйесінің ерекшеліктері, атап айтқанда, Алакөл курорттық аймағы бағытындағы билеттерді сату жағдайы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
«Қазіргі уақытта биылғы жаз маусымында жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге негізделген 1500 астам стандартты вагон дайын тұр. Стандартты дейтініміз, олар кеңестік кезеңде жасалған және олардың саны азайып келе жатыр. Жолаушылар паркін көбінесе заманауи вагондар құрайды. 670 тальго вагоны дайын тұр. Бұдан бөлек 174 вагон резервте бар. Олар тапсырыс көбейген жағдайда, тіркеуге мүмкіндік бар пойыздарға белгіленген ұзындық шамасына және пойыздар кестесіне қарай тіркелетін болады. Өткен жылы және биылғы бірінші жартыжылдықта вагондар саны шектеулі болды. Қазір пойыздар қатынасы жандана бастады. Пойыздардың халықпен толығуы 60-62% шамасын құрап отыр. Соңғы екі жылда Тверь вагон жөндеу зауытының технологиясы бойынша құрастырылған 209 вагон алдық. Алдағы уақытта 300-ден астам купе вагонын сатып алу жоспарда бар. Тамыз айына дейін бірінші партиясын аламыз деген үміттеміз. Және 62 вагон құрастырылып шықпақ. 100-ге жуық вагонды осы жылы аламыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде негізгі бағдарлардың бәрі іске қосылған. Бір ғана проблема, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жолаушыларды пойыздарға отырғызу/ түсіруге әлі де тыйым бар. Біз ол өңірдің бас санитарлық дәрігерінің тыйымына қарсы келе алмаймыз. Әрине, ол жақтың жолаушыларынан пойыздарды жиілетуге сұраныс бар. Қалай шектеу алынып тасталынады, солай пойыз қатынасын қалпына келтіруге дайынбыз», – деп атап өтті Қанат Есмұханұлы.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың жазғы кезеңінде ҚР желісі бойынша 164 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Алайда, бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлығы 120 жұп пойыз қатынауда, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 100 пойызы қызмет көрсетсе, қалған 20-сы жеке тасымалдаушылар еншісінде екен. Жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау барысында техникалық талаптардың сақталуы айрықша назарға алынған. Бүгінде Алакөл курорттық аймағы бағытындағы пойыздарға билеттердің жоғары сұранысын қанағаттандыру үшін тіркеме вагондар саны артып, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қосымша пойыздар іске қосылып отыр. Биыл Алакөлге барлығы 10 пойыз қатынайды, үшеуі жеке тасымалдаушылар еншісінде. Барлығы Алакөл курорттық аймағы бағытында 300 мың орынға дейін ұлғайту мүмкіндігімен 232 мыңнан астам орын ұсынылып отыр. Демек, өткен жылмен салыстырғанда Алакөл бағытына ұсынылып отырған орындар саны 90% артқан. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн жалпы билеттерді сатып алу жағдайына және Алакөл курорттық аймағына қатысты билет сатылымы бойынша ақпарат берді.
«2021 жылдың 16 маусымынан алдағы 45 тәулікке, яғни алдағы 31 шілдеге дейін барлық бағыт бойынша барлық пойызға 123 354 орынға билет сатылымға шығарылды, соның 76 801-і сатылып үлгерген. Біз билет сатылымын бақылауда ұстап, әр күнге талдау жасап отырмыз. Сонда байқағанымыз, маусым айының басында күн сайын орташа есеппен алғанда 3700 билет сатылып отырды. Егер Алматы-Алакөл бағытына келсек, алдағы 45 тәулікке барлық пойызға сатылымға шығарылып отырған билет саны 55686 болса, соның 44000 сатылып қойды. Ал Нұр-Сұлтан-Алакөл бағытына келсек, бүгінде сатылымға 33700 билет шығарылса, соның 20150 орны сатылды», – деді Виктор Бошманн.
Бұдан кейін ол алыпсатарларға тосқауыл болу үшін билет сатылымының қалай ұйымдастырылғанына тоқталды. Виктор Бошманн 2019 жылдан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да, жалпы Қазақстанда билеттерді сатудың жетілдірілген жүйесі іске қосылғанын, ол жол жүру құжатын ресімдеу және қайтару процесін толық қадағалайтынын атап өтті. Осы жүйе арқылы барлық билет 100% сатылады, еркін сатылымға шығарылады және бұл жүйеге барлық тасымалдаушылар мен билет сатудың барлық каналдары қосылған. [caption id="attachment_3319" align="alignnone" width="1170"] Фото Александр Жабчук[/caption] «Жол жүру құжаттарын жолаушылар пойыздарына 45 тәулік бұрын таңғы сағат 7.00-ден, ал қала маңы қатынасындағы теміржол көліктеріне 10 күн бұрын рәсімдеуге болады. Қазір билетті сатып алудың көптеген каналдары бар, атап айтсақ, bilet.railwayz.kz, Қазпочта бөлімшелері, 30 мыңнан астам өзіне өзі қызмет ету автоматтары, касса 24/7, туристік агенттіктерден, жекеменшік кассалар, тағысын тағы орындар мен интернет ресурстары. Ал жоғары сұраныс болған жағдайда, жолаушылар «Күту парағы» қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет түрі тегін, ол арқылы жолаушы 7 тәулік бұрын пойыз жөнелтілгенге дейін кезекке тұра алады. Бұл сервисті жақын арада «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасынан көре аласыздар, атап өтерлігі, «Күту парағы» жолаушылар арасында кеңінен танымал, біз оны осы маусым айының 9 күнінде осы сервиске 6581 өтінім келіп түскенінен көрдік, және де өтінімнің 50% астамы қанағаттандырылды. Яғни, «Күту парағына» тіркелген адамдарға билеттер табылды», – деп соңғы ақпараттармен бөлісті Виктор Бошманн. Дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушы туристік агенттік өкілдері де сөз алып, ескірген вагондардың жай-күйі, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. «Тұранэкспресс» компаниясының басшысы Роман Ботабеков «ҚТЖ» ұлттық компаниясына Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши бекеттерінде платформалар мен перрондар жасаған үшін жолаушылардың алғыстарын жеткізді.
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды