Вагондарды беру-жинау үдерісінің Тәртібі қабылданды

Жаңалықтар
22.06.2021, 10:29
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолдағы жүк тасымалында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мәселелері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петровтың төрағалығымен өткен онлайн отырыста талқыланды. Барлық жол бөлімшелерінің басшылары, «Адал жол» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысқан отырыс барысында сыбайлас жемқорлық белгілері кіреберіс жолдарда вагондар жинау және беру бойынша қызмет көрсету кезінде көрініс беретіні айтылды. Бұл жағдайды болдырмас үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де вагондарды беру-жинау үдерісінің Тәртібі қабылданды. Аталған құжат вагондарды беру-жинау тәртібін айқын және ашық етеді, кезек белгіленеді және сыбайлас жемқорлыққа апаратын әрекеттер жойылады. Сонымен қатар жүк жөнелтушілер тарапынан өтінімдерді жоспарлау және келісу үдерістері, тасымал құжаттарын ресімдеу, жүк тасымалы үшін төлемдер рәсімдері айқындала түсті. «Коммерциялық және келісімшарттық жұмыстардың автоматтандырылған жүйесіндегі (ККЖ АБЖ) «Клиенттің жеке кабинеті» жүк жөнелтушіге өтінімдерді өткізу, олармен келісу немесе бас тарту тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Владимир Петров. ККЖ АБЖ (АСУ ДКР) темір жолдағы клиенттер үшін ыңғайлы, олардың уақытын үнемдейді, станция қызметкерлерімен өзара қарым-қатынас жасауын болдырмайды, жұмыстың тиімділігі мен жеделділігін арттырады. Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор Ілияс Ерназаров Қазақстан кәсіпкерлері мен қызмет бе- рушілері қауымдастығының ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша өкілдерінің қатысуымен құрылған жұмыс тобының жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Ол сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де 2021-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Жоспары жүзеге асырылатынын атап айтты. Соның шеңберінде түсетін өтініш-шағымдарға сыбайлас жемқорлық бойынша мониторинг жүргізіледі, мүдделер қақтығысы реттеледі, тасымал үдерісін цифр- ландыру бойынша жобалар енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмысты ұйымдастырып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалдарында жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға жауаптылар тағайындалды. Олардың басты міндеті – жүк тасымалы саласында пара беруге әкелетін себептер мен жағдайларды жою, темір жолдағы клиенттердің заңды мүдделерін қорғау. Жиын қорытындысында Владимир Петров сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізуді және «жіңішке өңеш- терді», яғни әрбір құрылымдық бөлімшелердегі сыбайлас жемқорлық бойынша осал телімдерді табуды тапсырды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті