ҚТЖ: екпе алуды ұйымдастыруда

Жаңалықтар
02.07.2021, 11:37
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылы 29-30 маусым күндері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бас ғимаратының медициналық кабинетінде ерікті түрде вакцина салу процедурасы өтті. Онда компанияның орталық аппараты мен еншілес теміржол кәсіпорындарынан келген қызметкерлер кезекке тұрып екпе алды. Вакциналау екі күн бойы екі пунктте қатар жүргізілді. Таңғы сағат 09:00-де басталып, 14:00-де аяқталған медициналық шарада алпыстан астам адам вакцина салдырды. Оларға таңдауына қарай екпенің 3 түрі ұсынылды. Олар – Спутник, Hayatvax, Coronavac вакциналары.

«Өзіміз келген екі күнде 68 адам егілді. Олардың көбі Hayatvax вакцинасын салдырды. 10 адам Спутник V-ді салдырды. Бір адам ғана Coronavac алды. Екпе салар алдында барлығының жағдайлары тексеріліп, қан қысымдары өлшенді. Барша пациенттерге әуелі тамақ ішіп келу қажеттігін ескерттік. Сұхбаттасу барысында соңғы жарты жылда ковидпен ауырғандар кейін қайтарылды. Ал вакцина салдырған адамдар жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды», – дейді «Медикер» медицина орталығының дәрігері Қарлығаш Байтөлекова.

Бұл теміржол саласы қызметкерлері арасында ұйымдастырылып отырған алғашқы шара емес. Бұған дейін де өңірлік филиалдар мен еншілес компанияларда еркін вакцинациялау жүргізіліп, көшпелі егу пункттері ұйымдастырылған болатын. – Әлемді жайлаған індетпен күресте өзімізді және жақындарымызды аурудан сақтаудың басты жолы – вакцина. Біз бәріміз екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ қана бұл жағдайдан шыға аламыз. Сондықтан өзім бүгін Hayatvax екпесін алдым. Вакцинаның еш жағымсыз әсерін сезіп тұрған жокпын, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол және құрылыс департаментінің басқарма басшысы Айдос Майқыбеков. Медициналық шара бүгін де жалғасуда, алдағы апталарда да компания қызметкерлері толық екпемен қамтылғанға дейін жүргізіле бермек.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті