Нұр-Сұлтан мен Арқалық арасына Тальго пойыздары жүретін болды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елорданың «Нұрлы жол» темір жол вокзалынан Арқалық қаласына Тальго вагондарынан тұратын жолаушылар пойызы алғашқы сапарына аттанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

– 2021 жылдың 12 желтоқсанынан жолаушылар пойыздарының паркі қысқы қозғалыс кестесіне көшті. Барлығы 118 жолаушы пойызының 95-і «Жолау- шылар тасымалы» АҚ-на қарасты болса, қалған 23-і жекеменшік тасымалдаушылар құзырында. Қысқы қозғалыс кестесіне көшу – жыл сайын болатын қалыпты құбылыс және бұл кесте жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз болу жайттарын ескере отырып жасалған. Бүгін халықтың өтініш-сұранысы бойынша бірінші рет Арқалыққа Тальго пойызы жолға шығып отыр, – деген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Жылжымалы құрамды басқару департаментінің директоры Берік Қойшығұлов қажетті ақпаратты «105» анықтама номері арқылы немесе bilet.railways.kz сайты арқылы алуға болатынын жеткізді.

Ал екінші Тальго пойызы «Алматы-2-Маңғыстау» бағытында іске қосылып отыр. Екі құрамнан тұратын және жұп күндері жүретін №111 пойыздың жолда жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Арқалыққа қатынайтын №603/604 пойызда 348 орын бар, алғашқы рейстің өзінде жолаушылардың қамтылуы 60%-дан асқан. Пойызда Турист, Бизнес және Грант дәрежесіндегі орындар, вагон-мейрамхана және вагон-буфет бар. Жолаушылар жол үстінде уақытты қысқарту үшін мультимедиялық порталды пайдаланып, гаджеттері арқылы ойындар ойнап, кино көріп немесе ән-әуен тыңдай алады. Пойыздың жолға кететін уақы- ты 12 сағат 49 минутты құрап, әдеттегі қарапайым пойыздан 30 минутқа ерте баратын болып отыр.

«Бұл субсидиялық маршрут болғандықтан уақытты қысқарта қойған жоқпыз. Алдағы уақытта аялдау тұрақтарын азайтып, уақытты қысқарту жоспарда бар. Бірақ, бұл – көктемге қарай іске асатын дүние» деп түсіндірді аз ғана айырмашылықтың себебін Берік Қойшығұлов.

Теміржол вокзалының 6-шы жолына келіп тоқтаған пойыз- дың жолаушыларымен тілдесіп, ой-пікірін білуге перронға шықтық. – Мен Арқалық қаласының тұрғынымын. Біздің өңірге Тальго вагондарынан жасақталған пойыз- дың шыққанына қуаныштымын. Вагон-мейрамханасы бар екен. Іссапармен жүріп, тамақ-сусыз шыққан адамдарға ыстық тамақ ішу мүмкіндігі бар. Бір ғана базына, ол уақыттың қысқармай отырғаны. Келешекте бұл мәселе шешімін тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Мұсадин Қоянбаев есімді азамат. Ирина есімді екінші жолаушымыздың да айтар назы бар екен.

– Әрине, жайлы да жаңа вагондар, мәдениетті жолсеріктер – бәрі жақсы. Бірақ, билеттің қымбаттығы халықтың қалтасына оңай тимесі анық. Билет құны 5500 теңге шамасында, алайда, пойыздың уақытында өзгеріс жоқ, – дейді ол.

Пойыз бастығы Бағлан Бекмырзаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тальго пойызының жаңа бағдарымен жолға шығып отырғанына бүкіл бригада қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл пойызда жолаушыларға екі бригада қызмет көрсетеді. Пойыз керек-жарақтың бәрімен толық қамтылған. Тальго пойызы жолаушылар көңілінен шығады деген үміттеміз», – деді ол.

Кесте бойынша 20.45-те орнынан қозғалған пойыз Арқалыққа аттанып кетті. Сапарың сәтті болсын, жолаушы пойызы!

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты