Пойыздардың жаңа кестесі: Ақтаудан Семейге дейін ауысып отырмай және Алматыдан Ақтауға дейін Тальгомен

Жолаушылар тасымалы
14.12.2021, 17:39
Оқуға 2 мин
Алматы мен Ақтау арасында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компания) №111 Тальго пойызы жүретін болды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жалпы жолдағы уақыт 41 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі составтан жасақталған және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық «Турист» санатындағы вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты олар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, портативті компьютерлер) көмегімен сервердегі ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді көре алады. Бұл бағыт 12 желтоқсаннан бастап жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесі аясында енгізілді. Кесте бойынша Қазақстанда 118 жұп пойыз жүретін болады. Оның 95-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на (оның ішінде қала маңындағы тасымал - 61), ал қалған 23-і жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Сонымен қатар, №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» пойызының жол жүру маршруты Семей станциясына дейін  ұзартылды. Енді бұл пойыз «Маңғыстау – Семей» деп аталады, ал оның ұзындығы 3233 км. Бір бағыттағы жол жүру уақыты - 62 сағат 21 минут. Пойыз жұп күндері жүреді. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз.
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды