Ұлытау облысынан Алматыға жүрдек пойыз қайта қатынай бастады

Жолаушылар тасымалы
07.09.2022, 09:03
Оқуға 2 мин

Жезқазған мен Алматы қалаларының арасында жүрдек пойыз қатынай бастады. Соның арқасында жезқазғандықтар оңтүстік астанаға енді 7 сағатқа тезірек жете алады, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше мыс шаһарынан «Жезқазған-Алматы» бағыты бойынша «Тальго» жүрдек пойызының алғашқы рейсі жолға шықты. Жол жүру уақыты 27 сағаттан 19-ға азайды.

Қала басшыларының айтуынша, Алматыға пойыз бұған дейін де қатынаған. Алайда рейс біраз уақытқа тоқтатылған. Бүгін ол жаңа құраммен және ыңғайлы жайдайды қамтамасыз ете отырып қайта жанданды.

«Туристік салада Ұлытау облысы үлкен қалалармен логистика бойынша үлкен әлеуетке ие. Бұған бүгінгі «Жезқазған-Алматы» бағытының ашылуы дәлел. Өздеріңіз білетіндей, біз әуе рейстерінің санын да көбейтіп жатырмыз. Осының барлығы Ұлытау облысына республикамыздың үлкен қалаларынан қонақтардың келуіне ықпал етеді», – дейді Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Барикенов.

«Алматы-Жезқазған» жүрдек пойызы 22 вагоннан тұрады. Билет бағасы 9500 теңгеден басталады. 15 мың теңгеге люкстен орын сатып алуға болады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы жабдықталған купе бар. Мүгедектікті растайтын куәлікті көрсеткен жағдайда билет 90 пайыздық жеңілдікпен сатылады.

Кестеге сәйкес жүрдек пойыз Алматыдан тақ күндері, Жезқазғаннан жұп күндері жөнелтіледі. Ұлытау облысындағы Қызылжар, Жаңаарқа және Жезқазған теміржол станцияларында аялдамалар жасалады деп болжанып отыр. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы осы айдың соңына дейін Жезқазғаннан тағы бір жүрдек пойызды іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласына.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды