Германияда «Идеялар пойызының» жаңа нұсқасы шықты

Фото: DB

Берлинде өткен InnoTrans 2022 көлік технологиялары көрмесінде DB Regio компаниясы Südostbayernbahn жолаушылар операторына деп жасап шыққан екі қабатты «Идеялар пойызын» таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған көрмеде әлемдегі ең озық темір жол техникалары таныстырылды. Солардың бірі немістер жасап шыққан «Идеялар пойызы» (Ideenzug). Бұл пойыздың атауы айтып тұрғандай, жолаушыға жол-жөнекей ноутбугімен жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған, тіптен кішігірім топтардың конференция өткізуіне де ыңғайлы.  

Бұрынғысынан жетілдіріліп, қайта жасақталып шыққан бұл вагондар 2023 жылдың көктемінде Мюнхен мен Мюльдорфом‑на‑Инн қалалары арасында қатынайтын болады.  

Жаңадан жасалған «Идеялар пойызына» енгізілген негізгі 10 өзгеріске тоқталып өтсек:  

1. Бірінші дәрежелі купенің бір адамдық орнында сырғыма есік қойылған,  ыңғайлы орындық, үстел және жолаушы ноутбукты қоса алатын 27 дюймдік мониторы бар. Бұл жерде алаңсыз жұмыс істеуге және телефон арқылы іскерлік келіссөздер жүргізуге бар жағдай қарастырылған. Купені саяхат кезінде демалу үшін де пайдалануға болады, яғни креслоның артын жазып, ұйықтай бересің.

2. Отбасылық орында ыңғайлы әрі кең екі орындық  пен шағын үстел қойылған, оған қоса киім, қол арба және баламен жүргендердің жүгін қоятын орын бар.  

3. Сондай-ақ үстел үстінде әңгімелесіп отыруға арналған орын да қарастырылған. Шағын топ болып, жол жүріп бара жатқан адамдар мұнда жұмыстарын талқылап, тіптен конференция өткізе алады. Ол жерде үстелдің екі жағына жылжымалы орындықтар және төрге үлкен экран қойылған.  Экраннан күннің өзекті жаңалықтарын тыңдауға болады немесе жұмыс барысында жеке мәліметтер дерегін енгізіп пайдалана аласыз.

4. Релаксация аймағы. Мұнда ыңғайлы орындықтар қойылған және үлкен терезеден сырттағы пейзажды тамашалауға болады.  Бір сөзбен айтқанда жол бойындағы әсем табиғатты кең терезеден көріп отырып, қиыл мен арманға ерік бересіз.  

5. Релаксация аймағының бір шетіне бұрышты диван қойылған.  Бұл бірнеше адам болып жол жүріп бара жатқан жолаушылар үшін қолайлы. Сондай-ақ диванның астында жүк қоятын орын жеткілікті.

6. Пойыздың тағы бір ерекшелігі ашық купе тектес орындарының болуы. Бұл да 5-6 адам болып жолға шыққандар үшін ыңғайлы.  

7. Ашық купедегі орындықтар ерекше дизайнда жасалған және тысы мата жабындымен қапталған. Бұл орындықтар арқаны сүйеп отырғанға өте ыңғайлы. Купенің ішіне қойылған желдеткіш сіздің сапарыңызды одан сайын жайлы ете түседі.

8. Пойыздағы жолаушыларды ақпараттандыру жүйесі де жетілідірілген, кіру есіктерінің үстіне пішіні үлкен мониторлар қойылған. Бұл мониторға пойыздың кестесі, келесі станциядағы инфрақұрылым, вагондар саны және ондағы бос орындардың болуы туралы жедел ақпараттар шығып тұрады. Екі қабатты вагонның ішінде 20 монитор қойылған, олардың кейбірі терезе әйнегімен біріктірілген.

9. Ашық купедегі орындықтардың жақтауы келесі купемен араны қалқалап тұрады, бұл сапар кезіндегі жолаушылардың өзін жайлы сезінуін қамтамасыз етеді. Оған қоса мұндай орындықтарды жоғары, төмен түсіріп, өзіңіздің қалаукыңызға қарай реттеуге болады.  

10. Кең көпфункциональды аймақ балалардың қол арбасын, шаңғы және басқа да жүктерді қоюға ыңғайлы етіп жасалған. Сондай-ақ қабырғаға жиналмалы үш орындық қойылған.  

Айта кетсек, «Идеялар пойызы» смартфон мен планшетті қуаттайтын 100 USB тоқ көзімен қамтылған. Жолаушылар үшін 5G мобильді радиобайланысы орнатылған.

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz