«Астана – Жезқазған» пойызында сәби дүниеге келді

Жолаушылар тасымалы / Жаңалықтар
06.12.2022, 13:24
Оқуға 1 мин

2022 жылғы 5 желтоқсан сағат 11 - ден 17 минут өткенде Қарағанды-Жезқазған аралығында «Астана – Жезқазған» қатынасындағы №66 жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұбайымен бірге Қарағандыдан Жезқазғанға бара жатқан жүкті жолаушының жолда толғағы қысқан. Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Пойыз бастығы Индира Кұлмаханованың айтуынша, пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен, пойыз жүргізушісіне хабарлап, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақыртқан.

Индира Құлмаханова теміржолда 17 жыл жұмыс істейді, оның  9 жылын  Тальго жолаушылар пойыздарында атқарып келеді.

«Стандартты емес жағдайларда қалай әрекет ету керектігін компанияда үйретеді. Біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз», - дейді ол.

Жезқазған станциясына келген соң жолсеріктер анасын қызымен бірге жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Жас ата-ана жаңа туған нәрестенің есімін Арай деп қойды.

«Бұндай жағдайда бізді жалғыз қалдырмай, көмек көрсеткен пойыздың барлық қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. Бәріміз абдырап қалдық, ал Индира табандылық пен кәсібилік көрсетті, отбасымыз оған қызымыз үшін әрқашан риза болады», - деді бақытты әке.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды