ҚТЖ жазғы кезеңде 4 млн-нан астам жолаушыны тасымалдамақ

Жолаушылар тасымалы
26.04.2023, 12:49
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

«Самұрық-Қазына» АҚ алаңында Ұлттық тасымалдаушының жазғы темір жол жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және интермодальды тасымалдау жобасын іске асыру бойынша брифингі болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Өз сөзінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов 2023 жылдың демалыс кезеңінде шамамен 4,5 млн жолаушы тасымалдау жоспарланғанын атап өтті.  

Туристік маусым кезінде жолаушыларға жайлы болуын  қамтамасыз ету үшін Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут қатынайтын болады. Елордадан алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» жайлы пойызы жөнелтіледі. Құрам  аптасына екі рет жүреді. Жазғы кезеңде Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың жолаушыны көбірек тасымалдау жоспарлануда.

Спикердің айтуынша, соңғы екі жылда осы бағытта және кері қарай жолаушылар ағыны екі есе (124 мыңнан 243 мыңға дейін)  өсті.  

Көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ҚР ИИДМ-мен, әкімдіктермен, туроператорлармен, әуе және автотасымалдаушылармен бірлесіп ел ішінде интермодальды тасымалдауды (көліктің екі және одан да көп түрін/тасымалдаушыларды пайдалану) ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл тұрғындардың көліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі тасымалдау жаңа моделінің негізі болады.

Интермодальды тасымалдаудың келесі қызметтерін ұсыну жоспарлануда:

- «ПОЙЫЗ+ПОЙЫЗ» қызметі бір пойыздан екіншісіне ауыса отырып, межелі пунктке дейін жол жүруді көздейді;  

- «ПОЙЫЗ + АВТОБУС» қызметі жолаушыларға вокзалдан үйге дейін трансфер ұсынады;

- «ПОЙЫЗ+ҰШАҚ» қызметі жолаушыларды вокзалдан әуежайға тасымалдау.  

Жолаушылармен кері байланысты жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ пилоттық режимде «KTZH_PP_BOT» Телеграмм ботын іске қосты. Осы байланыс арнасы арқылы билетті сатып алу және қайтару туралы қажетті ақпаратты, пойыз кестесін және басқа да анықтамалық мәліметтерді алуға болады.  

Сондай-ақ, жолаушылар 1433 анықтамалық қызметінде және «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы тегін кеңес ала алады.  

Анықтама үшін:  

Теміржол жолаушылар маршруттарының жалпы саны – 140. Оның 73%-не «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал қалғандарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді.  

Ұлттық тасымалдаушы паркінде 2100 астам жолаушылар вагоны, оның ішінде 108 электр пойызының вагоны бар. Бүгінгі таңда вагон паркінің 50% астамы 11 жылға дейінгі, 17%-і 11 жылдан 20 жылға дейінгі, 32%-і 20 жылдан асқан.

ҚТЖ жолаушылар вагон паркін жаңарту бойынша мақсатты және кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуде. 10 жыл ішінде вагон паркі  50% жаңартылды.  2023 жылы 100 жаңа вагон сатып алу жоспарлануда. Ал 2030 жылға дейін Қазақстан мен Швейцария президенттерінің қатысуымен Женевада өткен инвестициялық дөңгелек үстел барысында қол қойылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде тағы 537 жолаушылар вагоның сатып алу көзделген.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды