Жазғы тасымалға дайындық қалай?

Суретті түсірген Максим Морозов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жадыраған жаз маусымы келіп жетті. Теміржол көлігімен саяхаттаушылар қатары артып, жолаушы пойыздарына деген сұраныс күрт өсетін кезең.

Оқу жылы аяқталып, балалар каникулға, ата-аналары еңбек демалысына шығатын демалыс маусымы ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» компаниясына үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. Биылғы ахуал қандай, ұлттық тасымалдаушы тарапынан пойыздар құрамына дайындық жүргізу қай деңгейде?  

Бұл ретте «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушы вагондарын жазғы тасымалға дайындау жұмыстарын толық аяқтағанын хабарлайды. Ұлттық тасымалдаушы биылғы жолаушылар тасымалына 2 мыңға жуық вагон дайындап отыр. Соның ішінде тек қана «Тальго» вагондарының саны 700-ден асады, стандарт типтегі вагондар 1,1 мыңды құраса, 108 вагон – электр дизельді пойыздардың вагоны. 1 маусымға дейін Ұлттық тасымалдаушының барлық вагондары жазғы жұмыстар үшін міндетті жоспарлы дайындықтан өтіп болады.  

Вагондардағы сумен жабдықтау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғаны тексерілуде және электр жабдықтары да қаралып, жіті тексеруден өткізілуде, ауа желдеткіш және ауа баптау жүйесін қайта іске қосу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Вагондардың 80%-ға жуығы ауа баптау жүйесімен қамтамасыз етілген. 400 вагонда ауа баптағыштар зауытта құрастырылғанда қарастырылмаған. Мұндай вагондар түнгі уақытта қатынайтын пойыздарға қойылады.  

Одан бөлек вагондардың тамбурларын, жылыту жүйелері құбырларын әрлеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Вагон шанақтарының сырты жуылып, әрбір рейс алдында құрам залалсыздандырылады, айына бір рет дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізіледі.  

Пойыз бригадалары жазғы уақыттағы тасымал жұмыстарының ерекшеліктеріне қарай арнайы нұсқаулықтан өтеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ биылғы жазғы маусымда 4,5 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Ал былтыр жыл бойы Қазақстан темір жолы арқылы 14 млн-нан астам жолаушы тасымалданған болса, жаз маусымындағы үлесі 4 млн құраған.  

Жазғы уақытта туристік маусымның басталуына орай ҚТЖ әйгілі демалыс орындарына қатынайтын бағдарларды дамытуға да ерекше көңіл бөліп отыр. ҚТЖ компаниясы «Қазақтуризм» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және туристік сала өкілдерімен бірге жазғы жолаушылар тасымалын жеткілікті құраммен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиындар өткізеді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті