Пойыз вагондарын автоматпен жуатын жалғыз кешен Алматыда орналасқан (Фото)

Суреттерді түсірген Сара Сахынбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жолда жолаушылар вагондарын әр рейске дайындар алдында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсетіледі. Жылжымалы құрамға ТО-1, ТО-2, ТО-3 сервистік қызметтерін көрсететін Алматыдағы «Вагонсервис» АҚ – Оңтүстік филиалының жұмысымен танысып қайттық.  

«Вагонсервис» АҚ-ның Қазақстандағы басқа филиалдарынан ерекшелігі – мұнда вагон жуу кешені бар.  2011 жылы пайдалануға берілген кешен жұмысы вагон ішіне кірген сәтте арнайы оператордың бақылауымен автоматты түрде іске қосылады. Аталған филиал директорының міндетін атқарушы Нұрғазы Мұсагитов бізді кешеннің жұмыс процесімен таныстырды.  

 – Жылжымалы құрам бізге келісімен вагон қараушылар оны қарап, доңғалақ жұптарын, тележкасы мен тежегіш құралдарына, жалпы техникалық жағдайына тексеріс жүргізеді. Сосын барып вагондар жуу кешенінен кіргізіледі. Маневрлік тепловозбен кешенге вагондар ақырындап кіргізіле бастағанда тазалау жұмысын бастап кетеді. Алдымен вагон сыртына жуғыш ерітінді шашылады да артынан су төгіледі. Сосын арнайы щеткалар жұмысын бастайды. Кірден тазартылған соң  вагондар шайылады және кептіріледі. Соның бәрі кешеннің ішінде атқарылады. Осылайша әр вагонды жууға 1 минут уақыт кетсе, 18 вагондық бір жылжымалы құрамды жуып шығуға 18 минут жұмсалады, – дейді ол.  

Айына орташа 2500-3000 вагон жуылады. Биыл олар эксперимент ретінде Тальго вагондарын жуу бойынша ұсыныстар берді. Бір айта кетерлігі, кешенде вагондарды жуған су арнайы су тазарту құрылғылары арқылы тазартылып, қайтадан жууға пайдаланылады, яғни кешенде вагон жууға су шығыны жоқ, – деді  кәсіпорын басшысы.

Бізге белгілі болғаны, вагондарды жуу кешені бүкіл Қазақстанда тек осында, Алматы филиалында ғана бар екен, өзге филиалдарда жұмыстарын мекеме қызметкерлері өздері қолмен атқарады.    

Одан әрі вагондарға түрлі қызметтер көрсету жұмыстары туралы филиал директорының операциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрболат Батырбеков айтып берді.  

 – Филиал ТО-1, ТО-2, ТО-3 қызметтерін көрсетеді, одан бөлек су, көмір жеткізу қызметі бар. Күн сайын тақ күндері 3-4, жұп күндері 5-6 құрам келеді. ТО1 бойынша рейстерге кетер алдында вагондарға күн сайынғы тексеру жүргізіледі. Атап айтқанда, жүріс және тежегіш бөлігінің, автотізбек құрылғыларының, электр жабдықтарының жарамдылығын қамтамасыз ету, жылу, сумен қамту жүйелерінің жұмысын бақылаймыз. Жазғы уақытта ауа желдеткіш жүйелері жөнделеді. ТО2 бойынша вагондар қыс пен жазғы уақытта жұмыс істеуге дайындалады. Қысқа дайындау уақыты 1 қарашаға дейін аяқталса, жазға дайындау 25 мамырда бітеді. Қазіргі таңда бізде қысқы маусымға вагондарды дайындау жұмыстары аяқталды. Біз биыл 244 вагонды ТО2 бойынша дайындадық. Ең ауқымды жұмыстар осы қызмет түрі бойынша жүргізіледі. Ауа желдеткіш жүйесін жаңарту, терезелер мен есіктерін суық өтпейтіндей арнайы ленталармен, силиконмен бекіту, вагондардың ішкі эстетикалық келбетін реттеу, шанақтарын, жүру бөлігін, санитарлық тораптарын, жылу беру жүйелерін тазалау, сүрту және тағы да басқа орасан зор жұмыстар атқарылады. Ал ТО3 бойынша вагондар 6 айда бір рет, жаңа вагондар 1 жылда бір рет қаралып, тексеріліп, жөнделеді, бұл қызмет арқылы 66 вагон жөндеуден өтті, – дейді Н. Батырбеков.  

Алматы филиалының бас ғимараты жанында 8 өндірістік цех жұмыс істейді. Атап айтқанда, ішкі жабдықтау, электрмен жабдықтау, ауа желдеткіш жүйесі, автобақылау қосыны, стабилизаторлық, механиктер цехтары бар. 

 – Вагоннан шешілген тежегіш құралдары осы жерге келіп түседі. Оларды тазартамыз, толық бөлшектеп ажыратамыз, қайта жинаймыз, бәрін реттеп болғаннан кейін тексеріп, пайдалануға береміз. Тәжірибелі 13 адам – жөндеу жөніндегі слесарлар жұмыс істейді. Күніне 8 жинақ, 16-17 тежегіш құралдарын жөндейміз, – дейді вагон тежегіштерін жөндеу цехының шебері Тағай Қалқожаев.  

Филиалдың бас инженері Медет Пірімбетовтің айтуынша, биыл мекеме жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсарту мақсатында жаңадан автокөлік құралдары, технологиялық жабдықтар мен стенділер алынған. Филиалда шамамен 700-дей адам еңбек етеді, әр ауысымда 270 адам жұмысқа шығады. Филиалдың Өскемен, Семей, Достық, Шу, Ақтоғай станцияларында желілік телімдері бар.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды