Теміржол билеттеріне 25% дейін жеңілдікті қалай алуға болады?

Жолаушылар тасымалы
01.12.2023, 09:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Сара Сахынбек

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың әртүрлі санаттары үшін теміржол билеттерін сатып алу кезінде жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін «Алтын», «Күміс», «Жастар» және «Саяхатшы» дисконттық карталарын ұсынады.

«Алтын» картасы 15 жастан асқан жолаушыларға компанияның барлық пойыздарына 25% жеңілдік береді. Картаның құны 19 999 теңгені құрайды.

«Күміс» картасы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 25% жеңілдік береді және 7 999 теңгеге қолжетімді.

«Жастар» картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған, оның құны 3000 теңге. Бұл карта теміржол билеттерін сатып алуға 25% жеңілдік береді. Ол белгілі бір маршруттардағы қала маңы және коммерциялық пойыздарға таралады. Барлық карталардың жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. 

«Саяхатшы» жеңілдік картасы ‒ «Тальго» пойыздарында жиі жүретіндерге арналған. Карта тегін беріледі және оның қолданылу мерзімі-2 жыл. «Саяхатшы» жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:

  • 100 000-нан 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері 10%;
  • 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері 15%;
  • 200 001 теңгеден астам жеңілдік мөлшері 20% -. құрайды.

Картаны билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады. Айта кету керек, карталар атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы компанияның билет кассаларында ғана рәсімдей аласыз. Бұл ретте жеке куәлікті, электрондық пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Карталар саны шектеулі.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы (Android платформасында қол жетімді) сатып алуға болады. Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT Телеграмм -боты арқылы алуға болады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті